Үш бағыттағы цифрландыру – нәтижелі жұмыс

Ақмола облыстық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясында өңірге инвестиция тарту, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау және аймақты цифрландыру бағытында іске асырылатын жобалар қаралды.

Облыстық мәслихаттың төрағасы Бейбіт Жүсіповтің төрағалығымен өткен отырысқа Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев және аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары қатысты.

Күн тәртібі бойынша алғашқы баяндаманы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Асхат Ахмедьянов жасап, өңірде 392 миллиард теңгенің 158 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатқанын, бұл өңір тұрғындарының 3 мыңнан астамын тұрақты жұмыспен қамтитынын атап өтті. Ақмола облысының цифрландыру және мұрағаттар басқармасының басшысы Мағжан Ержан облыс аумағында «Digital Region» тұжырымдамасын іске асыру туралы айтып берді. Мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта цифрландыру өңірде негізгі үш бағыт – агроөнеркәсіп кешені, денсаулық сақтау,  білім беру саласы бойынша іске асырылуда. Сондай-ақ, ол «Ақмола хаб» өңірлік ІТ алаңы мен цифрландыру саласына кадрлар даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың алғашқы нәтижелерімен бөлісті. Бұған қоса, басқарма басшысы облыста «белсенді азамат» қосымшасын  жасап, іске қосуды жоспарлап отырғанын алға тартты. Айта кетсек, басқарманың «Смарт Ақмола» жобасы алғашқы ұлттық жасанды интеллект жобалалары байқауында «AI — өңір» номинациясы бойынша ең үздік ақпараттық-сараптамалық жүйе болып танылды. Мәслихат депутаттары басқарма басшысының барлық ұсыныстарын бірауыздан қолдады.

Бұдан әрі сессия қарауына облыстық мәслихаттың бірқатар шешімдеріне түзетулер мен өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстар жасалып, барлығы оң шешімін тапты. Бұл толықтырулар мен өзгерістер бұған дейін мәслихаттың тұрақты комиссияларында және депутаттық сағаттарда талқыланған болатын.

Сессия соңында облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев қоғам қайраткері, депутат Әбілқайыр Ошақбаевты «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады және тағы бір топ депутаттарға Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл мерекелік медалін табыстады.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар