AI & Digital Bridge 2026 форумында 60-тан астам жаңа келісімге қол жеткізілді

Премьер-министр Олжас Бектенов форум қорытындысында тиімділігі дәлелденген технологияларды кеңінен енгізудің маңызын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстанда жасанды интеллектіні жаппай енгізуге қажетті құқықтық негіз қалыптастырылып, цифрлық инфрақұрылым белсенді дамып келеді. Соның бірі – энергетикалық әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жететін «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» мегажобасы.

Форум аясында 60-тан астам жаңа келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ мемлекет, ғылым және отандық әрі халықаралық технологиялық компаниялар арасындағы ынтымақтастықты күшейту мәселесіне назар аударылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар