Баршаңызды халқымыз ғасырлар бойы аңсап келген ұлы мереке — Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл — ата-бабамыздың сан ғасырлық арман-мұраты орындалып, өз алдына дербес мемлекет атанған қасиетті күн. Осы егемендік пен бостандық жолында қаншама сын-қатерлерден өтіп, талай қиындықтарды бастан кешкеніміз тарихтан белгілі. Аллаға шүкір, сол аңсаған мақсатымызға жеттік.
Бүгінгі таңда еліміздің болашағы — жастардың қолында. Қазақстанымыздың әлемдегі ең ірі, бақуатты әрі дамыған елдердің қатарынан көрінетініне менің кәміл көзім жетеді. Өйткені Жаратушымыз жердің үстін де, астын да байлыққа толтырып берді. Ең бастысы — халқымыз еңбекқор, бірлік пен ынтымақты ту еткен ел.
Сондықтан Тәуелсіз Қазақстанымыз күн санап көркейе берсін, гүлдене берсін! Еліміз ең бақытты, бай және демократиялық мемлекет болып, жастарымыз әрқашан биік белестерді бағындыра берсін!
Ізгі құрметпен,
Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Шияп Алиев
#RepublicDayKazakhstan #РеспубликаКүні
![]()

