Турнир
Ауданда еркін күрестен жастар арасында Кеңес Одағының Батыры, әдебиетші ғалым Мәлік Ғабдуллинді еске алуға арналған республикалық турнир өтті.
Жарыс дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен мамандандырылған Зеренді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын жарысқа қатысушылар саны артып келеді. Биылғы турнирге Қазақстан, Ресей, Қырғыз, Армения және Тәжікстан елдерінен 19 команда қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша өз салмақ дәрежелерінде Қазақстан атынан қатысқан Манас Сапар пен Арғын Қалихан, Ресей Федерациясының өкілдері Айдын Находкинский, Сайын-Белек Сат және Сайын-Белек Оюн, Тәжікстан балуандары Азиз Фитрати, Юсуфчан Камалов және Аюбджан Бозарзода, сондай-ақ, Армения спортшылары Размик Барсегян мен Володя Петросян жеңімпаз атанды.
А.ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Зеренді ауданы.
![]()

