«iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығы: Ақмола облысының тұрғындарына тәулік бойы көмек

Ақмола облысының тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым мәселелері бойынша «iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады.

Байланыс орталығы келесі бағыттар бойынша өтініштерді қабылдайды:

  • Электрмен жабдықтау — кернеудің ауытқуы, электр энергиясының өшуі;
  • Сумен жабдықтау — судың болмауы, су қысымының төмендігі;
  • Жылумен жабдықтау — жылыту батареяларының суық болуы, жылу желілеріндегі апаттар;
  • Лифт шаруашылығы — лифттердің істен шығуы және тоқтап қалуы;
  • Аулаларды абаттандыру және санитарлық тазалау;
  • Құдықтар мен люктердің жай-күйі;
  • Жол инфрақұрылымы — жолдар мен тротуарлардың жай-күйі және оларды жөндеу қажеттілігі;
  • Қоғамдық көлік — маршруттар мен қозғалыс кестесіне қатысты мәселелер;
  • Ветеринариялық қызмет — қараусыз қалған жануарларды аулау;
  • Туристік нысандар — Ақмола облысының туристік көрікті жерлері туралы ақпарат.

Бірыңғай байланыс орталығына 109 тегін нөмірі арқылы хабарласуға болады. Қызмет тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді.

Сонымен қатар, байланыс орнатудың қосымша арналары қолжетімді:

  • Telegram-бот: @IKOMEK109AQMOLABOT;
  • Instagram: @ikomek109aqmola.

«iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығы — туындаған мәселе туралы хабарлаудың, қажетті ақпарат алудың және оны шешу үшін өтініш жолдаудың ыңғайлы тәсілі.

Байланыс деректерін сақтап, жақындарыңызбен бөлісіңіздер!

Дереккөз: gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар