Жол қатынасы жақсартылды

Өңірлерді дамыту

Республикалық маңызы бар «Макинск – Ақсу – Торғай» автомобиль жолының 31 шақырымынан 71 шақырымына дейінгі аралығында орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, жол пайдалануға берілді.

Бұл жол осы өңір үшін ерекше әлеуметтік-экономикалық маңызға ие. Жоғарыда аталған елді мекендермен бірге, Мамай ауылын да байланыстыратын бұл жол ендігі арада ауылдық аумақтардың көлік қатынасын жақсартады және жергілікті бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасайды деп күтілуде.

Жобаның іске асырылуының маңыздылығы,  аталған жол учаскесінің соңғы 40 жыл бойы жөндеу көрмегендігінде. Осы уақыт ішінде жол жабынын жаңарту жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен арман ғана болып келді. Бүгінде жолға жаңа асфальт-бетон жабыны төселіп, көлік қозғалысының қолайлылығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілгендігі жергілікті халықты қуантып отыр.

Іске асырылған жоба аясында барлығы 40 шақырым жол жаңартылды. Осы жұмысты атқару үшін 60 жол құрылысы маманы мен жұмысшы тартылып, арнайы жол техникалары іске қосылды. Бұған қоса, жолды жөндеу барысында жергілікті жол-құрылыс материалдары пайдаланылды.

А.СЕЙІТҚАЛИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар