Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні Ақмола облысының жастары алғаш рет сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің сайлау құқығын жүзеге асырды. Өңірдің барлық қалалары мен аудандарында «Мен алғаш рет дауыс беремін» акциясы өтуде. Оның қатысушылары – дауыс беруге алғаш рет қатысып отырған кәмелетке толған азаматтар.
Олардың қатарында Аршалы ауданынан Игорь Ровбуть пен Мәдина Дюсекеева, Бурабай ауданынан Александр Мельников және Жақсы ауданынан Диана Путятина бар.
Жастар үшін бұл – сайлауға қатысудағы алғашқы тәжірибе және өз таңдауын жасау мүмкіндігі. Сайлау құқығына ие болумен қатар азаматтық ұстаным мен қоғам өміріне қатысудың жауапкершілігі де арта түседі.
«Мен алғаш рет дауыс беремін» акциясы облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтіп, алғашқы рет дауыс берген жас сайлаушылардың басын қосуда. Олар үшін бұл күн маңызды оқиғалардың біріне айналды.
![]()

