Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Киікбай батыр кесенесі - АРҚА АЖАРЫ

Киікбай батыр кесенесі

Ақмола облысы Атбасар ауданы Сергеевка аулында орналасқан.
Киікбай батыр (1693-1741 ж.ж) мазары – кейінгі ортағасырлық сәулет ескерткіші, қазақ-жоңғар шайқасында қаза тапқан, ержүрек жауынгер Киікбай батырының мазары 275 жыл бұрын тұрғызылған. Қазақ халқында әр рудың көші жүретін өз жолы болған. Қазақтар бүкіл өмірін көш үстінде өткізген халық, сондықтан да Киікбай батыр туралы әртүрлі тарихи естіліктер қалыптасқан. Киікбай батырды керей руына жатқызады.
Қазіргі кезде көлемі дөңгелек мазардың алдыңғы бөлігі жартылай сақталған, қарама-қарсы қабырғасы бұзылған және құм тастармен толтырылған. Ескерткіштен алыс емес жерде Киікбай адыры бар деседі. ХХ ғ. аяғында Киікбай батырға арналған тағы бір мазар қойылған. Қабырғасы дөңгелек жаңа үлгіде тастан қаланған мазар орта ғасырдағы ескерткіштерге ұқсайды. Жоғары жағы жартылай ашық, жалпақ, кең көлемде төңкерілген ислам рәмізін растайтын жарты айдың белгісі күмістеліп, жасалған. Еске алу тақтайшасында: «Байқараұлы Киікбай 1693-1741 жж». ХХ ғасырдың басында 50-жылдары бұл жерлерде қазақ жауынгерінің сауыты табылған, бұл ХVIII ғасырға жатады. Кездейсоқ жәдігер жер жырту кезінде анықталып, Атбасар ауданының тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған.
Деректеме: Атбасар ауданының тарихи-өлкетану музейі.

Kıіkbaı batyr kesenesі

Aqmola oblysy Atbasar aýdany Sergeevka aýlynda ornalasqan.
Kıіkbaı batyr (1693-1741 j.j) mazary – keıіngі ortaǵasyrlyq sáýlet eskertkіshі, qazaq-jońǵar shaıqasynda qaza tapqan, erjúrek jaýynger Kıіkbaı batyrynyń mazary 275 jyl buryn turǵyzylǵan. Qazaq halqynda ár rýdyń kóshі júretіn óz joly bolǵan. Qazaqtar búkіl ómіrіn kósh ústіnde ótkіzgen halyq, sondyqtan da Kıіkbaı batyr týraly ártúrlі tarıhı estіlіkter qalyptasqan. Kıіkbaı batyrdy kereı rýyna jatqyzady.
Qazіrgі kezde kólemі dóńgelek mazardyń aldyńǵy bólіgі jartylaı saqtalǵan, qarama-qarsy qabyrǵasy buzylǵan jáne qum tastarmen toltyrylǵan. Eskertkіshten alys emes jerde Kıіkbaı adyry bar desedі. ХХ ǵ. aıaǵynda Kıіkbaı batyrǵa arnalǵan taǵy bіr mazar qoıylǵan. Qabyrǵasy dóńgelek jańa úlgіde tastan qalanǵan mazar orta ǵasyrdaǵy eskertkіshterge uqsaıdy. Joǵary jaǵy jartylaı ashyq, jalpaq, keń kólemde tóńkerіlgen ıslam rámіzіn rastaıtyn jarty aıdyń belgіsі kúmіstelіp, jasalǵan. Eske alý taqtaıshasynda: «Baıqarauly Kıіkbaı 1693-1741 jj». ХХ ǵasyrdyń basynda 50-jyldary bul jerlerde qazaq jaýyngerіnіń saýyty tabylǵan, bul ХVIII ǵasyrǵa jatady. Kezdeısoq jádіger jer jyrtý kezіnde anyqtalyp, Atbasar aýdanynyń tarıhı-ólketaný mýzeıіnіń qorynda saqtalǵan.
Derekteme: Atbasar aýdanynyń tarıhı-ólketaný mýzeıі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар