Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ханның қара жолы – тарих жолы - АРҚА АЖАРЫ

Ханның қара жолы – тарих жолы

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қыркүйектің 17-сі күні Бурабайдағы Абылай хан алаңынан «Абылай ханның қара жолымен» сапарға шыққан экспедиция мүшелері «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» бағытымен жүріп отырып, кеше Көкшетауға қайтып оралды. Белгілі өлкетанушы және қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлы бастаған экспедиция мүшелерін ел ағалары мен зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері салтанатпен қарсы алды.

Алыс сапардан оралған экспедиция мүшелері өз жерлестерімен қуана қауышты. Шашу шашылды. Әнші-термеші Сәрсенбай Хасенов мадақ жырды төкпелете, ел қуанышын асқақтатып жібергендей болды.
– Бізді қалың ел болып шығарып салып едіңіздер, енді міне, ел болып қарсы алып отырсыздар! Рахмет баршаңызға! Хан Абылайдың қара жолымен біз 4300 шақырым жол жүріп өттік. Қазақтың талай бір қасиетті де киелі жерлерін басып өтіп, Түркістанға бардық. Жол бойы экспедиция мүшелерін жергілікті жердің халқы мен ел ағалары, басшылар қуана қарсы алып отырды, – деді экспедиция жетекшісі Мұрат қажы Ыдырысұлы өз сөзінде.
Бұл экспедиция жол бойы Қорғалжын, Нұра бойлап, Ұлытау, Қызылорда арқылы қасиетті Түркістанға дейінгі жол сапарда түрлі кездесулер өткізіп, жастармен кездесіп, қазақ тарихының елеулі беттерінен дәрістер берді. Абылай ханның қазақ жерінің кеңдігі мен елінің теңдігін сақтап қалудағы тарихи орны ерекше болса, сол жайындағы тарих бүгінгі ұрпақтың зор қызығушылығын тудырып отыр. Киелі Көкше жерінде қырық сегіз жыл бойы хандық құрған Абылайдың қара жолын жаңғыртып, көкшеліктердің сол жолмен жүріп өтулері елдік іс болса керек.
Экспедиция мүшелерін қарсы алу рәсімінде Абылай ханның ұрпағы, еңбек ардагері Сансызбай Мұқитанов сөз сөйлеп, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай терең тарихымызды қайра зерделеуге игі әсер ететрі сөзсіз, – деп осы сапарды ұйымдастыруға ұйытқы болған облыс әкімі Мәлік Мырзалинге ризашылығын білдірді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар