Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылдар сапалы ауыз сумен қамтылуда - АРҚА АЖАРЫ

Ауылдар сапалы ауыз сумен қамтылуда

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауына сәйкес, республиканың ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін барлық қаржы көздерінен 100 миллиард теңгеге дейін қаржы бөлу қарастырылған.

2015-2017 жылдары ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз етудің 26 жобасын жүзеге асыру үшін барлық қаржы көздерінен 6,1 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде 18 нысан пайдалануға берілді. Өзге нысандардың құрылысы 2018-2019 жылдары аяқталмақшы. Биылғы жылдың басында ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жеткізу көрсеткіші 58,8 пайызды құрады. Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республика бойынша барлық қаржы көздерінен 70 миллиард теңге бөлінді. Ақмола облысында ауылдық елді мекендердің жалпы саны 607 құрайды. Оның 357 ауылдық елді мекені орталықтандырылған, 228-і орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілсе, 22 ауыл суды тасымалдайды. Биылғы жылы сумен қамтамасыз етудің 21 жобасын жүзеге асыруға 5 миллиард теңге қарастырылған. Оның 4,3 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 0,7 миллиард теңгесі облыстық бюджеттен бөлінді. 2018 жылы жалпы ұзындығы 129,1 шақырым су құбыры жүйесінің 6 нысанын, келесі жылы өзге нысандарды пайдалануға беру жоспарланған. 2020 жылға дейін Астана қаласының іргесіндегі елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған жүзеге асырылатын жобалардың негізгі үлесі Целиноград ауданын дамытуға бағытталуда. Мәселен, Сабынды ауылынан Целиноград ауданының Оразақ ауылына дейінгі су құбыры жүйесі қалпына келтірілуде. Су құбырының жалпы ұзындығы 25,7 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда су құбыры толық тартылып, 12 құдықша орнатылған. Бұл жобаны жүзеге асыру Сабынды ауылының жер асты суы-нан топтық су құбыры құрылысын жүргізуге мүмкіндік береді. Су құбыры Астана-Қорғалжын бағытындағы көлік жолының бойында орналасқан Оразақ, Бірлік, Отаутүскен, Шалқар, Өтеміс, Ақмол, Қаражар, Қараөткел ауылдарына тартылып, 45 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмекші. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерді жер асты суының қорымен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмысы белсенді жүргізілуде. Бұл бағытта 2015 жылы 135 ауылдық елді мекен бойынша жер асты су қоры және екі су көзі жөнінде хаттамалар алынған.
Биылғы жылдың соңында 43 ауыл, бір учаске мен үш су көзі бойынша жер асты суының қоры жөнінде хаттама алу жоспарланған. Облыстық бюджеттен 0,4 миллиард теңге бөлініп, 42 ауыл мен екі қала бойынша іздеу-барлау жұмысы басталды. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерді жер асты су қорымен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмысының 10 жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға облыстық бюджет қаржысы есебінен 10,2 миллион теңге бөлінді.
Жыл соңына дейін жоғарыда аталған 6 нысанды пайдалануға беру есебінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жеткізу көрсеткішін 59,5 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. 2019-2021 жылдары сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысы мен қалпына келтірудің 18 жобасын жүзеге асыру үшін облыс әкімдігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ісі жөніндегі комитетке 9,1 миллиард теңгенің бюджеттік өтінімін жіберді. 2019 жылы сумен қамтамасыз етудің 9 жобасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2,5 миллиард теңге қарастырылған. Соңғы жылдары ауылдық елді мекендердің сумен қамтамасыз ету саласы серпінді өсіп, мемлекеттік қолдаудың арқасында одан әрі дами береді деген сенімдемін.

Жалғас БОРСАБАЕВ,
Ақмола облыстық құрылыс басқармасының
бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар