Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызмет ұстаханасы - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызмет ұстаханасы

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп мемлекеттік қызмет мектебін ашты.Мұндағы мақсат талантты, сауатты, білімді, жауапты, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеті бар жастарды мемлекеттік қызметке тарту.

Шараға облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов және мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Әлібек Баймағамбетов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– Мемлекеттік қызмет мектебі келешегі зор жастар мен мемлекеттік органдарды байланыстыратын көпір болатынына сенім мол. Мектептің басты міндеті Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағытында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда жоғары білікті, құзыретті, келешегі бар жастарды даярлау, – деп атап өтті Берген Беспалинов.
Жоба Ақмола облысындағы жоғары білім ордаларында оқып жатқан, келешекте тағдырын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін жастарға арналған. Осы мақсатта Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп студенттер арасында іріктеу жүргізді. Іріктеу нәтижесі бойынша Көкшетау қаласындағы жоғары оқу орындарынан таңдап алынған 20 студент осы мектепте тағылымдамадан өтетін болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар