Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа ой салғаны анық - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа ой салғаны анық

Ақмола облыстық халық шығармашылығы орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын облысымыздың мәдениет саласының қызметкерлері де тікелей эфирден тамашалап, тың бастамаларға қолдау білдірді.

Өңіріміздің өнерін өрге домалатып, өркендетіп жүрген мәдениет саласының қызметкерлері Президенттің жаңа Жолдауындағы көтерілген бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған игі іс-шараларға ризалықтарын білдірді.
Қазіргі таңда облысымыздың мәдени ошақтарында үш мыңнан аса мәдениет қызметкерлері еңбек етеді. Жыл сайын саланы қаржыландыру мәселесі де қарқын алып келеді. Осы орайда, өнерді дамыту, өнерпаздарды қолдау, мәдениет саласындағы нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайту, басқа да мән-маңызы жоғары мәдениет саласындағы өзекті мәселелерге соңғы жылдары зор көңіл бөлініп жатқандығын айта кетсек орынды болар.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашанда елінің болашағы мен ертеңін көрегендікпен болжау арқылы, дұрыс бағыт-бағдар беріп отыратындығы ақиқат. Терең мағынаға ие әрбір жаңа Жолдау – ең алдымен егемен еліміздің ертеңгі жарқын болашағына бастар басты бағыт, баянды бағдар. Биылғы Жолдауда экономиканы қарқынды түрде технологиялық жаңғырту, дәстүрлі негізгі салаларды дамыту, еңбек нарығын жаңғырту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капиталдың сапасын көтеру, институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл жаңа заман талабына сай экономикалық жаңа өзгерістерге қабілетті жаңа Қазақстанды қалыптастыру мақсатынан туындап отырған міндеттер болып табылады.
Эфир арқылы осыны терең сезінген мәдениет қызметкерлері Жолдаудан алдағы атқаратын жұмыстарға негіз болар жаңа ойлар түйді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар