Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрмыс сапасын көтерудің жаңа кезеңі - АРҚА АЖАРЫ

Тұрмыс сапасын көтерудің жаңа кезеңі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа Жолдауы өскелең елдің өркенді бағытын айқындаған маңызды құжат саналады. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет өзінің басты міндеті – көпұлтты Қазақстан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуды үнемі бірінші кезекте ұстайды. Ішкі жалпы өнімнің көлемі артуы, ең төменгі жалақының 42 мың теңгеге өсуі, ел тұрғындарының орташа жасы 72-ні құрауы «Басты байлығымыз – адам» деген қағиданың қастерлі екендігін дәлелдей түседі. Сондай-ақ, игілік шараларының ауқымы кеңіп, бұл үрдіс үнемі жетілдіріле бермек. Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті өз Жолдауында «Біз бұған дайынбыз» деп атап көрсетті.

Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды ұсынып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жариялауы ауыл тіршілігін жандандыруға серпін қосатыны анық. Біздің «Заречный» ЖШС 1954 жылы құрылған, өзіндік тарихы мен дәстүрі бар шаруашылық. Соның ішінде тұрғындардың тату-тәтті тұрмысы – ең асыл дәстүріміз. Осының арқасында сан қилы соқпақтан өткен серіктестігіміздің экономикасы айта қаларлықтай қуаттады. Біз егіншілік пен мал шаруашылығын дамытуда алғы шептен көрініп, салалар бойынша элиталық шаруашылыққа айналдық. Оның үстіне Жолдауда өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында, республикамыздағы ауыл жолдарын қалпына келтіруге 150 миллиард теңге, сумен қамтамасыз етуге 100 миллиард теңге бөлінетіні жағдайды одан әрі жақсарта түспек. Яғни, ауыл тұрмысын жақсартуға шаруашылығымыздың да мүмкіндігі кеңейеді деген сөз.
Биылғы жылдың өзінде мұнда 5 миллион теңгеге ауыл көшесіне күрделі жөндеу жүргізіліп, оның бойында 12 электр шамы орнатылды.
Жыл сайын ауыл әкімдігімен ынтымақты меморандумға қол қойылады. Шаруашылық 2010 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 10 миллион, 2011-2012 жылы 60-70 , ал 2013 жылы 100 миллион теңге бөлсе, одан былайғы жылдары қаржы көлемі кеміп көрген емес. Қаржыны тиімді жұмсау ақсақалдар алқасының бақылауында. Агроөнеркәсіп өнімдері өзімізде қайта өңделетіндіктен, тағам тауарларының бағасы біршама арзан. Осының нәтижесінде облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының екі дүркін жеңімпазы атандық.
Жұмыс істегісі келетін кісіге әрдайым нәпақа бар. Жалақының жыл санап өсіп отыруы ертеңгі күнге сенім ұялатып, алаңсыз тіршілік кешуді қамтамасыз етуде. Ауылымызда жыл сайын 18-20 шілдехана тойланады. Жүз орындық «Айналайын» бала бақшасын жаңа қазандығымен қоса пайдалануға бердік. Қазір мұндағы 85 сәбидің төлем ақысының жартысы, емхананың қызмет шығындарының басым бөлігі серіктестік мойнында. Бұған қоса екі бірдей «жедел жәрдем» көлігін сатып алып бердік. Мектепке де автобус сыйға тартылған. Жаңа тұрғын үйлер салынып жатыр. Заманалық көпсалалы «Бәйтерек» стадионы салынып, футбол, волейбол, баскетбол, жүгіру жолағы жасанды көгалмен көмкерілді. Бұған шаруашылық өз табысы есебінен 50 миллион теңге жұмсады. «Жыл меценаты» атанып, республикалық «Парыз» сыйлығының иегері ретінде біз бұл ұстанымды жалғастыра беретін боламыз.

Уәлихан ӘРІПОВ,
«Заречный» серіктестігінің директоры, «Құрмет» орденінің иегері,
Есіл ауданының құрметті азаматы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар