Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастарға тиісті жағдай жасалады - АРҚА АЖАРЫ

Жастарға тиісті жағдай жасалады

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауын қазақстандықтарға жария етті. Бұл жолғы құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.

Өз елімнің болашағына бейқам қарамайтын адам ретінде биылғы Жолдауды зер сала тыңдадым. Онда Елбасы батыл қадамдардың кезі келгенін айтып, атқарылатын жұмыстарды, нақты міндеттерді айқындап берді.
Қазақстанда жыл сайын 6 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп келеді. Жолдауда ең алдымен, осы тұрғыда «Нұрлы жер», «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары арқылы халықты баспанамен қамтамасыз ету туралы мәселе көтерілді. Бұл әрине пәтер жалдап жүрген жас отбасылар үшін қуантарлық жайт. Оған қоса, келер жылы «Жастар жылы» деп белгіленуі тіптен жақсы.
Осындай қиын кезеңде мемлекет тарапынан көрсетілген көмек пен бастама ел жастарын жігерлендіретіні анық. Біз Мемлекет басшысын әрқашанда қолдаймыз. Еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға ынталымыз. Қазақ елі көптеген қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіріп, экономикасын жоғары деңгейге көтерді. Ендігі мақсат ел экономикасын одан әрі нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу. Бұған жететіндігімізге сенім мол.
Ел үшін сын кезеңде жастарына жағдай жасап отырған Елбасының үмітін ақтап, ел сенімінен шығудың жауапкершілігін түсінуіміз керек.
Нұрлан ЫСМАЙЫЛОВ,
бухгалтер.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар