Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кодекстегі жаңашылдық - АРҚА АЖАРЫ

Кодекстегі жаңашылдық

Көкшетау қалалық прокуратурасы ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің жаңа нұсқасы қолданысқа енгізілгендігін тағы да естеріңізге салады.

Аталған құжатта көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, әкімшілік құқық бұзушылыққа барып, қолыңызға арнайы хаттаманы алған сәттен бастап жеті күн ішінде айыппұлды төлер болсаңыз, мойныңызға жүктелген соманың 50 пайызы кешіріледі. Яғни, тек жартысын ғана төлейсіз деген сөз. Бұл тек жеке тұлғалар мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау кезінде қолға түсіп, өз кінәсін мойындаған, айыппұл мөлшерімен келіскен лауазымды тұлғаларға қатысты. Осы тұста облыс бойынша жыл басынан бері отыз миллион теңгеден астам айыппұлдың мемлекет пайдасына өндіріліп алынғанын айта кетейік.

Ержан ҚҰРМАНБАЕВ,
Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі, 2-сыныпты заңгер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар