Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сексен жылдық шежіре - АРҚА АЖАРЫ

Сексен жылдық шежіре

 Аршалы ауданындағы қоғамдық-саяси «Вперед» газетінің шыға бастағанына 80 жыл толып отыр.

  Әдетте асқаралы белеске табан іліктірген сәтте кім-кімде артта қалған соқпақты, сонарлы жолға көз салып, бұл күнде тарихқа айналып бара жатқан өткен жылдарды ой елегінен өткізер еді. Сол сәтте таразы басына тартар салмақты дүние – сарабдал ой, сырбаз сөз баршылық. Оның барлығы өз оқырмандарымыз – аудан тұрғындарына арналып келеді.  Осыдан 80 жыл бұрын, 1935 жылдың наурыз айының соңында аудандық «Колхозное знамя» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрген болатын. Сол сәттен бастап газет аудан еңбеккерлерінің жетістіктері мен тұрмыстық мәселелерін, жаңалықтар мен жан сүйсінтер жақсылықтарды сан қилы тақырыпта толғайтын жанашыры мен сырласына айналды. Әдетте, газет жанашыр достарсыз, ниеттес, пікірлес адамдарсыз ашылып сөйлеп, көсіліп жаза алмас еді. Жазғанымен тереңіне бойламаса, жүректен шықпаса, жүрекке жетер ме? Бұл жағынан алып қарағанда аудандық газеттің жанашырлары өте көп. Алғашқы сәттен бастап аудан еңбеккерлері астық алқабындағы еңбек майданы, мал фермаларындағы қауырт шаруа, ауыл-село тұрғындарының тыныс-тіршілігі жайында жаза бастады.
Соңғы жылдары басылымның безендірілуі көз тартарлықтай көркейіп, идеялық жағынан шыңдалып, мазмұн-мағынасы арта түсті. Елдік мәселелерде аудан жұртшылығын бір бағытқа жұмылдыратын, жақсы істерді насихаттайтын, ізгілікке үгіттейтін міндеттерін мінсіз атқаруда. Баспахана да жыл өткен сайын жаңа құрал-жабдықтармен толықтырылып, басылымның жаңа заман талабына сай басылып шығуына игі әсер етуде. Соның арқасында бұрын сәл солғындау көрінетін аудандық газет сәнді әрі мазмұнды болып оқырман қолына жетеді.
Біздің ең басты мақсатымыз аудан жұртшылығын жарқын белестерге жетелеу. Осы бір ізгі жолға жету үшін қуатты серпін беретін күш қайнары да бар. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жыл сайын Қазақстан халқына жолдайтын Жолдауы. Биылғы жылы да қоғамдық өмірдің сан саласын қамтыған Жолдауды басшылыққа ала отырып, аудан экономикасы, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселелері туралы тереңінен жазып келеміз.
Сексен жыл бойы аудан тұрғындары тұшына оқитын басылымның төл мерекесі – ойлы оқырмандар мерекесі. Өйткені, біздің газетіміз ауданның сексен жылдық жылнамасы.
Александр ЦЫГАНОВ,
газет редакторы.  
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар