Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экология мәселесіне негізделген - АРҚА АЖАРЫ

Экология мәселесіне негізделген

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті.

Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жиын қатысушыларын экология саласына негізделген өз сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды.
Ә.Құсайынов жиынға қатысушыларға жаһандық экологиялық қызметтің негізгі векторлары туралы баяндап, табиғатты қорғау мәселесінде ғылымның маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша,
бұл – экологиялық қауіпсіздік, климат пен су ресурстарын, «жасыл» технологияны зерттеу жұмыстарын қоса алғанда, бірталай міндеттер кешенін қамтитын маңызды мақсат.
Кандидаттың айтуынша, әлемде күні бүгінге дейін экологиялық проблемаларға тиісті назар аударылмай келеді. Халықаралық қауымдастықтар мен мамандандырылған ұйымдардың атқарып жатқан экологиялық жұмыстары конференция, талқылаулар, шешімі жоқ даулармен ғана шектеліп отыр.
Ал, әлемде табиғат қойнауын тиімсіз пайдалану, табиғат аясының ластануы, гендік қор мен биологиялық әртүрліліктің азаюы топырақтың құнарсызданып, судың ластануына, жалпы, қоршаған ортаның құлдырауына алып келуде.
Сондай-ақ, кандидат әлемдік өнеркәсіптің қарқынымен артып отырған техногендік апаттардың алдын алу мәселесіне жеке тоқталып өтті.
Адам іс-әрекетінің табиғатқа келтірген ең үлкен залалы – жаһандық жылыну. Бұл парниктік әсер тудырып отыр.
«Әлемнің ғалымдары дабыл қағуда. 21 ғасырда ең аз дегенде, температураның орташа жылыну деңгейі 3 градусқа жетуі мүмкін. Мұның өзі – табиғатқа аса үлкен қауіп төндіретін өзгеріс.
Бірақ, егер қауіпті газдардың атмосфераға таралуы тоқтатылмаса, бүгінгі өзгеріс бұдан да қорқынышты құбылысқа ұласуы мүмкін. Аталмыш болжамға сенсек, жаһандық жылыну деңгейі 6,5 градусқа жетеді. Бұл алыс болашақта емес, ертеңгі күндері-ақ орын алуы мүмкін үлкен қауіп. Дәл осы мәселеге қоғам назарын аудартқым келеді», – деді Ә.Құсайынов.
Тұғырнамасымен таныстырған кандидат қазіргі заманда адамдар жаңартылмайтын табиғи ресурстарды шексіз тұтына отырып, қалпына келтіруге болатын қорлардың қайта толысуына кедергі жасауда деген пікірін жеткізді.
Адамзат табиғат дамуын жағымсыз бағытқа бұрып барады. Бұл биологиялық және әлеуметтік феномен ретінде оның физикалық және рухани дамуына нұқсан келтіруі ықтимал. Қоршаған ортаның ластануы күн сайын өзекті әрі күрделі мәселеге айналып барады.
Бүгіннің өзінде Жер шарын мекендеген 7 млрд. адамға қажетті құнарлы жердің тапшылығы 6 гектардан асады. Бұл көрсеткіш жаһандық жылынуға байланыс-ты бұдан бетер нашарлай бермек.
«Біз әлем бойынша экология әр адамның дамуы үшін қажетті толыққанды ғылым ретінде қарастырылуын қалаймыз. Ол – тек табиғат туралы емес, ең алдымен, біздің өміріміз жайлы ғылым», – деді кандидат.
Осы кездесуге қатысқан кандидаттың аймақтық штабының жетекшісі Болат Рысқұлбеков экологиялық мәселенің өзектілігіне тоқталды.
«Кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасы экология мәселесіне негізделген. Бұл әлемдегі ең өзекті тақырыптардың бірі. Әлемдегі биобалансты, табиғат тазалығы мен өнеркәсіп қауіпсіздігін сақтау мәселесі бұған дейін де өзекті болған. Бірақ, соңғы уақытта оның ауқымы жаһандық деңгейге жетті», – деді Б.Рысқұлбеков.
«Біз қоғам назарын халықаралық экологиялық мәселелерге аудартып, ол тек сөз жүзінде ғана емес, барлық мемлекеттердің келісілген ұстанымымен нақты қолдау көрсетуді қажет ететін шешімін күттірмейтін түйткіл екенін көрсеткіміз келеді», – деді Р.Жоламан.
Кездесуді қорытындылай келе, Әбілғазы Құсайынов экологиялық күн тәртібінің маңызына тоқталып, жиынға қатысушыларды жаһандық экологиялық мәселелерге шынайы көңіл бөлуге шақырды.
«Әр өткізген кездесуімде қайталайтыным, табиғат – адамның ең басты байлығы. Оны аялап, өз қолымызбен оған зиянын тигізуі мүмкін өзгерістерден, ластанудан, жағымсыз технологиялық ықпалдардан қорғауымыз керек», – деді Ә.Құсайынов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар