Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аймақтарда үгіт жұмыстары қыза түсуде - АРҚА АЖАРЫ

Аймақтарда үгіт жұмыстары қыза түсуде

ҚКХП ұсынған Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Т.Сыздықовтың аймақтық сайлауалды штабтары сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жалғастыруда.  Кеше  кандидаттың Батыс Қазақстан облысындағы сайлауалды штабы өткізген және жоспарланған іс-шаралары туралы баяндап берді.

  «Ең алдымен, біз басты назарымызды облыстың аудандық елді мекендеріне, оның ішінде облыс орталығынан алшақ жатқан ауылдарға аударып, жұмыстарымызды соларға икемдеп құрдық. Себебі, еліміздегі әрбір азамат партиямыз насихаттап отырған марксизм-ленинизм идеясын білуі керек. Үгіт материалдары – плакаттар мен парақшалар кеңінен таратылып жатыр. Онда коммунизмнің негізгі идеялары көрініс тапқан», – деді партияның облыстық комитетінің жетекшісі С.Ярлыгасимов.
Өз кезегінде Т.Сыздықовтың Атырау облысындағы сайлауалды штабының жетекшісі Е.Дәулетқалиев аймақта үгіт-насихат науқаны қызу қарқын алғанын атап өтті.
«Біз аймақ жұртшылығымен, оның ішінде шалғай аудандардың тұрғындарымен кездесу өткізіп, оларға үгіт материалдарын таратып жатырмыз. Кандидатымыздың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырдық», – деді кандидаттың сенімді тұлғасы.
Жалпы алғанда, ҚКХП ұсынған Президенттікке үміткердің аймақтық штабы өз жұмысында ешқандай қиындық көріп отырған жоқ», – деп қорытты Е.Дәулетқалиев.
Кеше  Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Респуб-ликасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Екібастұз қаласында «Екібастұз-Энергоцентр» ЖШС ұжымының өкілдерімен кездесті.
Кездесу басында Тұрғын Ысқақұлы сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына – батыс мәдениетінің және батыстық жүйе құндылықтарының теріс ықпалына тоқталды.
«Менің сайлауға қатысуыма басты себеп, мені үнемі мазалайтын батыстық құндылықтар мен батыстық көзқарастардың кең таралуы», – деді кандидат.
Өз сөзінде Т.Сыздықов Коммунистік Халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары туралы айтты.
«Батыстың жаһандық дәуіріндегі постиндустриялдық даму кезеңіндегі экономика мен қаржы салаларына дендеген тарансұлттық корпорациялардың үстемдігі қоғамның ыдырауына, байлар және кедейлер болып бөлінуіне алып келді.
Шектен шыққан демографиялық үдерістер, босқындардың қалың толқыны гуманитарлық апатқа ұшыратуы мүмкін», – делінген кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.
Жаһандану заманында батыстық құндылықтар жүйесі вирус секілді кең таралуда.
Адамгершілік құндылықтар жүйесін өмірге деген қанағатсыз көзқарас алмастырды. Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірқатар күрделі мәселелер туындатуда.
Шетелдік жаттанды тақырыптар БАҚ, киноөнімдер, түрлі танымал ток-шоулар және журналдар арқылы таралуда. Алғашқы болып өзінің құндылығын жанұя және неке институттары жоғалтуда. Жанұялық өмірдің мұндай көлеңкелі жақтары өлшем және тең құқылық ретінде беріліп, жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, азаматтық немқұрайдылыққа әкеледі.
Мұндай қоғамда өмір сүрген адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моралдық жауапсыздық.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар