Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоршаған ортаны қорғау – міндет - АРҚА АЖАРЫ

Қоршаған ортаны қорғау – міндет

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы жұртшылығымен кездесті. Сонымен бірге, кандидаттың «Тұран-Астана» студенттерімен және ұстаздарымен кездесуі болып өтті.

  Әбілғазы Құсайынов кездесу қатысушыларына экологияның қазіргі проблемаларын қозғайтын сайлауалды тұғырнамасын таныстырды.
«Жаһандық экологиялық түйткілдердің туындап, ушыға түсуіне табиғат қорын өлшеусіз тұтынып, қоршаған ортаға антропогендік кері ықпал ету, жаппай қырып-жою қаруын пайдалану себеп болды», – деді Ә.Құсайынов.
ОҚО-дағы сайлауалды штабының жетекшісі Болат Рысқұлбеков қазір қалыптасқан жағдай қоршаған орта сапасының құлдырауынан туындағанын атап өтті. Ауа, өзен-көлдер, теңіз-мұхиттар ластанып, топырақ құнарсыздануда, жануарлар мен өсімдік әлемінің бірнеше түрі жойылды.
Кандидаттың хабарлауынша, 10-15 жылдан соң су тапшылығынан екі миллиардқа жуық адам жапа шегуі мүмкін.
Жаһандық жылыну салдарынан ХХ ғасырда әлемдік мұхит деңгейі 20 санти-метрге көтерілді. Ал, арктика мұздары
5 жылда 70 сантиметрге жұқарған.
Табиғат ресурстарын мақсатты әрі жос-парлы пайдалану, қоршаған ортаны лас-танудан қорғау, мемлекеттік бақылаудың, табиғат ресурстарын дұрыс пайдалану, қорғау және қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралардың жоспарлы жүйесін енгізу ең басты міндетке айналуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов «Тұран –Астана» студенттерімен және ұстаздарымен кездесті.
Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жиын қатысушыларын экологияның қазіргі проблемаларын қозғайтын сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Ә.Құсайынов жиылған жұртқа тіршіліктің «жасыл» векторының ғылыми негіздемесі туралы, оның ішінде қоғамды кезең-кезеңмен экологияландырудың қандай күрделі әрі өзекті міндет болып табылатыны туралы әңгімелеп берді.
Кездесу барысында кандидат, сондай-ақ, әлем бойынша бірегей табиғи кеңістіктердің күрт азайып бара жатқанын сөз етті. Мысалға, Жер шарындағы халқы көп аймақтарда жаһандық экожүйенің маңызды бөлшегі – батпақты жерлердің 90 пайызы мүлде жойылған.
Кандидаттың келтірген мәліметі бо-йынша, 19 ғасырдың соңынан бері әрбір жаңа онжылдық алдыңғысына қарағанда жылырақ. Бұл ғылыми қауымдастықтар мойындап отырған жалпыға аян ақпарат, бірақ, халықаралық деңгейде оған тиісті жауап табылмай отырғаны өкінтеді дейді ол.
Студенттермен және ұстаздармен кездесу кезінде кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан да экологиялық тақырыптың өзектілігіне тоқталды.
«Біздің заманымызда экология – шектеулі тіршілік көзі. Негізінен, оның шектеулі екені бұған дейін де белгілі болатын, бірақ, шексіз көрінген шикізат қорының таяздануы күн тәртібіндегі күрделі мәселеге айналды.
Сондықтан да, біз халықты экология ғылымдарының негізгі бағыттарымен таныстырып, аталмыш мәселеге мұқият көңіл бөлуге шақырамыз. Жасыл вектор үнемі таза ауа, құнарлы жер, ауызсу көздері мен Жер шарының атмосферасы сынды ең маңызды табиғат қорларының тапшылығы туралы өзекті мәселелерді меңзейді», – деді Р.Жоламан.
Кездесу соңында Әбілғазы Құсайынов экологиялық күн тәртібінің өзектілігіне тағы бір тоқталып, қала жұртшылығын жаһандық экологиялық мәселелерге көңіл бөлуге шақырды.
«Табиғат – адамзаттың басты байлығы. Оны қастерлеп, күтіп ұстау керек,
ол – әр адамның, әрқайсымыздың бас-ты міндетіміз», – деп қорытты өз сөзін Ә.Құсайынов.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Астана қаласындағы республикалық штабында Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс Президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Корнелия Йонкермен кездесті.

 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының   Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов ЕҚЫҰ өкілдерін республикалық штабтың жұмысымен таныстырып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретіндегі болашақ жоспары жайында әңгімелеп берді.
«Бүгінге дейін 5 аймақты аралап, Астана қаласында бірнеше кездесу өткізіп үлгердік. Жалпы алғанда, сайлаушылармен 12 кездесу өткізіп, онда сайлауалды бағдарламаммен таныстырдым, сайлаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап бердім», – деді Ә.Құсайынов.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов аймақтық сайлауалды штабтарында 200-ден аса сенімді тұлғасы жұмыс істеп, олар да сайлаушылармен кездесу өткізіп, сондай-ақ, өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарын түсіндірумен айналысатынын атап өтті.
ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесу барысында кандидат Ә.Құсайынов осы жылдың 20 сәуіріне жоспарланған Астанада өтетін аймақтық сайлауалды штабтарының слеті туралы айтып, ЕҚЫҰ өкілдерін аталмыш іс-шараға қатысуға шақырды.
Аймақтық штабтардың слетінде үгіт-насихат жұмыстарының алдын ала қорытындысын шығарып, аймақтық штаб жетекшілерінің атқарылған жұмыстар жайлы есептерін тыңдау жоспарланған.
Ә.Құсайынов ЕҚЫҰ өкілдерінің назарын Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретіндегі жұмысын ешқандай кедергісіз жүргізіп жатқанына аудартып, аймақтардағы барлық кездесулері заңға сәйкес ұйымдастырылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Ә.Құсайынов барлық қажетті кеңестерді шұғыл ұсынып отырған аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің ашықтығы мен біліктілігін ескерді.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов, сондай-ақ, БАҚ-пен тығыз қарым-қатынас орнатып, жемісті жұмыс істеп жатқандарын назарға алды.
«Барлық республикалық телеарналар іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу үшін өз алаңдарын ұсынып отыр. Үгіт-насихат роликтері медиа жоспарымызға сәйкес эфирге шығып жатыр.
Жалпыұлттық газеттерде менің сайлауалды бағдарламам жарияланып, үгіт-насихат модульдеріміз орналастырылды.
Жалпы, республикалық деңгейде болсын, аймақтық деңгейде болсын, біз жүргізген сайлауалды науқанын ақпараттық сүйемелдеу барысына көңілім толады», – деді Ә.Құсайынов.
Ә.Құсайынов атап өткендей, сайлау науқаны Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына толық сәйкестікте өтіп жатыр. Одан бөлек, ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесу кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан сайлау науқаны аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар жайында әңгімелеп берді.
Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың елордадағы және аймақтардағы штабтары ыңғайлы жерде орналасқанына тоқталды. Оның айтуынша, штабтарға консультациялық қолдауды Орталық сайлау комиссиясы, облыстардағы аумақтық сайлау комиссиялары көрсетіп отыр.
Үгіт науқаны қарсаңында қажетті көлемде үгіт-насихат материалдары әзірленді.  Мысалға, Астана мен Алматы қалаларында әрқайсысында 4 билбордтан, облыс орталықтарында 2 билбордтан, сонымен қатар, Жезқазған мен Семей қалаларында бір-бір билбордтан ілінді.
Жалпы, Р.Жоламан атап өткендей, сайлауалды науқанын толыққанды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар