Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жерде жағдайлары жақсы - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жерде жағдайлары жақсы

 Кеше облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Есіл ауданының тұрғындары «ұйқы» ауруына шалдыққан Калачи елді мекенінен Атбасар ауданының Родионовка селосына көшірілген көп балалы Беспаловтар отбасында болып, тұрмыс-тіршілігімен танысты.

  Осыдан бір жарым ай бұрын 9 адамнан тұратын бұл отбасын жергілікті тұрғындар құшақ жайып, қарсы алған еді. Бүгінгі күні олар жаңа  ауылдастарымен жақсы тіл табысқан. Отағасы Иван мен үлкен қызы Карина «Алтын дән» серіктестігінде жұмыс істейді. Қалған үш баласы мектепке орналасқан.
– Осында көшіп келгеніме еш өкінбеймін. Мұнда бізге барлық жағдай жасалған. Сол үшін алғысымыз шексіз. Мал ұстауға қора да, мал да бар. Ең бастысы, «ұйқы ауруына» шалдығамыз деп еш алаңдамаймыз, – дейді отағасы Иван Беспалов пен алты баланың анасы Яна Овсейчик.
Сонымен қатар, көшіп келген отбасына серіктестік бір сиыр, оның жемшөбін берген. 500 мың теңге көлемінде бір реттік көтерме ақы да тағайындалған. Осы орайда, аталған отбасында болып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысқан облыс әкімінің орынбасары Калачи селосынан тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру мәселесіне тоқталды.
– Бұл отбасылар әлеуметтік жа-ғынан қорғалатын болады. Сіздердің жағдайларыңыз облыс әкімінің назарында. Сіздерге қолдан келгенше көмек көрсетіледі. Бүгінгі күні 200 түтін бар «ұйқылы»
Калачиден осыған дейін 60-қа жуық отбасы көшірілсе, алдағы уақытта тағы 90 отбасын көшіру жоспарланған. Бірінші кезекте балалары бар отбасылар облыс аумағындағы елді мекендерге қоныстандырлады, – деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар