Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қос тараптың пайдалы сұхбаты - АРҚА АЖАРЫ

Қос тараптың пайдалы сұхбаты

Кеше  Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов пен Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі А.Қоңыров кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесу өткізді.

  Тараптар сайлауалды науқанының барысы туралы сұхбаттасты, сайлау комиссиялары жұмысында қоғамдық бақылаудың маңыздылығына тоқталды.
Т.Сыздықов комиссия өкілдеріне штаб жұмысынан хабардар етті, насихат материалдарымен таныстырды, аймақтардағы шаралар және алдағы жұмыс жоспары туралы айтып берді.
«Қазақстанда сайлау насихатын өткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Сайлау науқанын жүргізу барысында аймақтық сайлау комиссиялары тарапынан берілген кеңестер мен тиімді заң талаптары, БАҚ-тың мәселелерді толықтай қамтуы, Орталық сайлау комиссиясы тарапынан дайындалған әдістемелік нұсқаулықтар – мұның барлығы сайлау науқанын қалыпты және ойдағыдай өткізуге толық мүмкіндік береді» – деп атап өтті кандидат.
А.Қоңыров бақылаушылардың назарына ҚКХП кандидатының үгіт-насихат материалдары БАҚ-та толық жарық көріп отырғандығын жеткізді.
Сайлау науқаны басталғалы бері БАҚ-пен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде 40-қа жуық Интернет желілерінде біздің кандидатымыз және сайлауалды штаб туралы жүздеген материал және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 20-дан аса мақала жарық көрді. Жалпы алғанда, сайлау науқаны басталғалы Республикалық штабтың ұйымдастыруымен Тұрғын Сыздықовтың Қазақстанның 5 аумағында сайлаушылармен 11 кездесуі өтті.
ҚКХП кандидатының насихат автокеруені Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстанда болды.
Бүгінгі күнде сайлауалды науқанмен облыс орталықтарының 203 қалалық және аудандық комитеті, 2000-нан аса бастапқы партиялық бірлестік қамтылған. Аймақтық штабтар сайлаушылармен кездесу ұйымдастыруда. Насихат жұмыстары партияның бастапқы өкілдіктерінде қолға алынған.
Кездесу соңында қос тарап кездесу барысында ашық және пайдалы сұхбат болғандығын атап өтті.
Кеше ҚКХП ұсынған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Алматы және Павлодар облыстарындағы аймақтық сайлауалды штабтары өз жұмыстарын жалғастырды.
Талдықорған қаласында сенімді тұлғалар батыс стандарттарының теріс ықпалы туралы талқылады.
Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары.
Айтылған мәселелердің бас-
тауын ҚКХП жанұялық-туысқандық және ұлттық ерекшеліктерді ескермейтін батыс құндылықтарын кең насихатталуынан көреді.
Сонымен қатар, ҚКХП кандидаты Т.Сыздықовтың бағдарламасы Павлодар қаласында талқыланды.
Шетелдік жаттанды тақырыптар БАҚ, киноөнімдер, түрлі танымал ток-шоулар және журналдар арқылы таралуда. Алғашқы болып өзінің құндылығын жанұя және неке институттары жоғалтуда. Батыс сән үлгісінің ең қауіпті көріністері – компьютерлік ойындар, фильм-блокбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең таралған зорлық-зомбылық, қаталдылық культтері.
Мұның барлығы – бос уақыт өткізу емес, бұл тұтыну мәдениетінің жалпыға бірдей таралу үрдісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар