Ақмола облысының әкімі С.В.Кулагиннің 2014 жылғы 22 қазандағы өкімімен Қадырхан Махмұтұлы Отаров облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Қадырхан Махмұтұлы Отаров 1953 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1975 жылы Ақтөбе облысы «Хлебодаровский» кеңшарының зоотехник-селекционері болып бастады. Бас зоотехник лауазымынан Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтті.
1994 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі болып тағайындалды. 1999 жылғы қарашадан бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары, 2010 жылғы сәуірден бастап бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Кейін Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарды.
Тағайындалғанға дейін, 2014 жылғы маусымнан бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды.
«Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, 4 мерейтойлық медальдармен марапатталған.