Жаңа балабақша пайдалануға берілді

Ерейментау ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде «Аружан» жаңа балабақшасы ашылды.

Тайбай селолық округінде салынған жаңа балабақшаның ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Балабақша иесі, кәсіпкер Айнұр Жарболованың айтуынша, мектепке дейінгі білім беру нысаны 50 балаға арналған. Қазіргі кезде 30 бала қабылданып, тәлім-тәрбие алуда. Оқу-әдістемелік үрдістер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру стандартына сай жүргізіледі.
Аудандық мәслихаттың депутаты Надежда Горончко мен Тайбай селолық округінің әкімі Талғат Кәрібжанов сый-сияпат жасады. Шара барысында қонақтар жаңа әлеуметтік нысанның ішін аралап, балалардың орындауындағы концерттік бағдарламаны тамашалады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар