Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туған жер – тұнған тарих - АРҚА АЖАРЫ

Туған жер – тұнған тарих

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ-музыкалық драма театрында «Туған жер – тұнған тарих» атты облыстық

ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен конференция облыс аумағындағы тарихшы мұғалімдердің басын қосып, пікірлерін ортаға салуға мол мүмкіндік берді.
Конференцияның негізгі мақсаты – қазақстандықтардың өз өлкесіне, тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін, мақтанышын және адалдығын білдіретін шынайы патриотизмге тәрбиелеу. Ауқымды шарада алдымен арнайы әзірленген көрмені тамашалаған қатысушыларды облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова құттықтап, кіріспе сөз сөйледі.
– Бүгінгі облыстық ғылыми-практикалық конференцияға ұлттық жаңғыру, туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда еңбек етіп жүрген педагогтар қатысып отыр. Конференция қазақстандықтардың өз жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігі көрінетін шынайы патрио-
тизмге тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отыр. Өскелең ұрпақ бойында рухани-адамгершілік тәрбиені, өз Отанының тарихына деген құрметті қалыптастыру баршамызға ортақ парыз екені аян. Қазақ елінің бәсекеге қабілетті жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық деп ойлаймын. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәнісі осында болмақ. «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» бағдарламасына байқау, олимпиада жүлдегерлерін көтермелеу арқылы жасөспірімдерді оқытып, тәрбиелеу жұмыстарына толық бағытталуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сараптамалық талқылау, ұсыныстар әзірлеу және сапалы жүзеге асыру үшін де осындай форматтағы кездесулердің алатын орны зор екенін атап өте келе конференцияның барлық қатысушыларына алғысымды білдіремін, – деді Ботакөз Балапайқызы.
Одан әрі «Есіл-Көкше өңірінің киелі жерлері: проблемалары және ізденістері» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Аманай Сейітқасымов, «Рухани жаңғыру» кафедрасының жұмыс барысы туралы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Роза Буктугутова, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуында музейлердің алатын орны туралы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Гүлайым Ағыбаева, облыстық білім басқармасының қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Марина Ли, облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Арман Өмірзақов, «Ешім жағалауының археологиялық ескерткіштері» тақырыбында Жақсы ауданы Запорожье орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ерлан Байдүйсенов баяндама жасады.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жоғары оқу орындарының алатын орны ерекше. Сондай-ақ, музейлерде өткен «Туған жер», «Ауылым – алтын тұғырым», «Ғасырлар аманаты», «Ғасырлар үні», «Алаштың алтын шаңырағы» тақырыбында көптеген шаралар өз нәтижесін беруде. Соның ішінде жалпы білім саласына байланысты «Тәрбие және білім» бағдарламасы жүзеге асырылғаны белгілі. Оның өзі бірнеше бөліктерден тұрады. «Отаным – тағдырым», «Саналы азамат» және «Өлкетану» тақырыптарында. Конференцияда баяндамашылар осы бағыттарда өздерінің жұмыстарын жақсы қырынан таныта білді. Осы жұмыстардың бәрін атқару барысында облыстық білім басқармасы қосымша білім беру орталықтарымен де тығыз байланысты жұмыс істейтіндері нақты нәтижелермен көрсетілді. Сонымен қатар, республика бойынша біздің облыс білім беру салаларында алғашқылардың бірі болып «Рухани жаңғыру» кабинеттерін ашқан болатын. Осы орайда, Жақсы, Шортанды аудандары мен Степногорск қаласында өте мазмұнды кабинеттер жұмыс істей бастады. Оның негізгі мақсаты – осы кабинеттер арқылы жасөспірімдерді патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу. Биылғы жылы Президент әкімшілігі біздің облыстың Жақсы ауданындағы «Рухани жаңғыру» кабинетін айрықша атап өтіп, Астанаға шақыртып, арнайы марапатталғаны белгілі. Жалпы, осы бағдарлама негізінде «Отбасы әлемі» жобасымен бүгінгі күні сегіз отбасылық клуб ашылып, жұмыс істеп жатыр.
«Туған жер – тұнған тарих» атты конференцияның аясында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қарқынды жүзеге асырып, облыс көлеміндегі іс-шараларда белсенділік танытқан бір топ білім саласының қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.

Асылай Қадырқызы.
Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар