Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білімге шақырған ұлы ойшыл - АРҚА АЖАРЫ

Білімге шақырған ұлы ойшыл

Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, демократ, ағартушы Шоқан Уәлиханов өз халқының мәдениеті мен әдебиетін, салт-дәстүрі мен тарихын жоғары бағалап, халықты білімге және мәдениеттілікке шақырған ұлы ойшыл.

Шоқанның балалық шағы Көкше өңірінде – Оқжетпес, Құсмұрын, Сырымбетте өтті. Бұл өңір баршаға өзінің тарихи аңыздарымен, ғажайып сұлу табиғатымен, атақты суырып салма ақын, әнші-күйшілерімен белгілі. Бұлар Шоқанның рухани жетілуіне, көркемдік талғамының қалыптасуына тікелей әсері болғаны күмәнсіз.
Бала жасынан әжесі Айғанымнан ертегі, аңыз-әңгімелерді, тарихи оқиғалар мен жоңғар шапқыншылығына  қатысқан батырлар туралы естеліктерді естіп өсуі Шоқанның туған жер, ел, Отан алдында жауапкершілігін арттырды, халық мұрасын бағалап, сүюге үйретті.
Шоқанның шыққан ортасы – төре тұқымы. Әкесі – Шыңғыс Омск әскери училищесін бітірген, орысша сауатты, офицерлік шені бар (полковник болған) адам. Ал, Шыңғыстың әкесі Уәли мен шешесі Айғаным да билік құрған адамдар. Арғы аталары тарихқа белгілі – Абылай хан. Шоқан – осындай текті отбасынан шыққан. «Ата көрген оқ жонар» дегендей, Шоқанның көркемдік танымының қалыптасуына әкесі Шыңғыстың ықпалы айрықша болды. Шыңғыс – қазақтардың салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін зерттеген орыс ғалымдарымен, жазушыларымен байланыста болды, оларға қажетті материалдар жинауға көмектесті. Ол үшін Шыңғыс әйгілі ақын-жырауларды үйіне шақыртып, халықтың өлең-жырлары мен аңыздарын бала Шоқанға жаздырып алып, Омбыға жіберіп отырған. Осындай іске Шоқанның бала кезден араласуы өз халқының әдебиетін, өнерін, мәдениетін танып білуге себепкер болған. Шоқан Уәлиханов қазақ топырағында қоғамдық прогресс үшін ғылым-білімнің маңызын ерекше көре білген, бүкіл әлемдік өркениет қорынан мейлінше мол сусындаған, жан-жақты білімді, озат ойшыл, ерекше дарынды адам болған. Ол өзін терең тарихшы, этнограф, жалынды публицист, батыл саяхатшы, шебер суретші, жан сырын ұққыш нәзік психолог, ағартушы ретінде көрсете білген. Небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз ғұмырының ішінде білім-ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты.
Шоқан Уәлиханов – заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы. Қазақтың әдебиеті мен мәдениетін орыс жұртшылығына алғаш танытушы. Шоқанның психологиялық пікірлері оның кейбір тәлім-тәрбиелік педагогикалық көзқарастарымен тығыз ұштасып жатады. Ол өмір сүрген заман педагогикасында орыстың революцияшыл демократиялық идеясының өрлеп тұрған кезі еді. Осы озық идеямен нәрленген педагогика тәрбиешілерден жас буындарды қоғамдағы зұлымдық атаулымен күресе алатын, адамгершілігі мол жеке мақсатын халық мүддесіне бағындыра білетін, озат прогрессивті көзқарасы бар адам етіп тәрбиелеуді талап етті. Орыс педагогикасының осынау жаңашыл идеалдары Шоқанның ағартушылық ісіне де әсер етпей қойған жоқ. Өйткені, Шоқан осы өршіл педагогиканың негізін салуға атсалысқан Чернышевский мен Добролюбов ілімдерінен де тәлім алған еді. Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу-білімінің табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, сөйтіп, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Ол халқымыздың өркениеті үшін татар молдалары сабақ беретін медреселердің, сондай-ақ патша өкіметі ашқан ел билеуші әкімдер мен тілмаштар дайындайтын оқу орындарының қажетсіздігін, оның орнына Еуропа жұртында кең тараған дүниежүзілік жалпы білім беретін мектептердің ашылуы зор маңыз алады дей келіп, отарлау саясаты көздеген шараларды мықтап сынға алды. Ол «Қазақ даласындағы мұсылмандық туралы» атты еңбегінде осы мәселеге ерекше мән беріп, татар молдаларының схолостикалық оқу жүйесін сынай келіп, «тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді» – деді.
Тәуелсіз елімізде өткен заманның ұрпақ тәрбиесіндегі халықтың озық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қайта тірілтіп, бүгінгі өскелең өмір талабына құрал етіп пайдалану аса қажет болып отыр. Осы тұрғыдан қарастырғанда, Шоқанның этнография саласындағы еңбегі ұшан-теңіз және бүгінге дейін баспасөз беттерінен өз дәрежесінде көрініп тиісті бағасын алмай келеді.
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Уәлиханов демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі болып табылады. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды.

Лескүл ИБРАИМОВА,
Аида ЖАҚСЫМБЕТОВА,
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты.  

Тараз қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар