Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұғырнамасы ортақ мүдделерді қамтыды - АРҚА АЖАРЫ

Тұғырнамасы ортақ мүдделерді қамтыды

21 сәуір күні ҚКХП ұсынған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов Астана қаласында республикалық сайлауалды штабының мүшелерімен кездесіп, үгіт-насихат науқанының барысы мен аймақтардағы сайлаушылармен кездесу нәтижелерін талқылады.

Кездесудің басында Тұрғын Ысқақұлы жалпы атқарылған жұмысқа қанағаттанып отырғандығын жеткізді.
Т.Сыздықовтың пайымдауынша, оның ҚКХП атынан Президенттікке кандидат ретінде сайлау науқанына қатысуы халықтың назарын батыс мәдениетінің жағымсыз тұстарына аударуға мүмкіндік берді.
Өз кезегінде кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі А.Қоңыров: «кандидатты қолдау үгіт-насихат компаниясының жоспары жалпы толық көлемде іске асырылып келеді. Барлық жоспарланған шаралар дер кезінде атқарылды. Республикалық сайлауалды штабының қызметіне халықаралық бақылаушылар назар аударды.
«Біздің республикалық және аймақтық штабтарымызға ЕҚЫҰ бақылаушылары келіп, Т.Сыздықов қолдаушыларының атқарып отырған жұмысымен танысты.
Олар біздің сайлаушыларымызбен кездесуіміз секілді кейбір іс-шараларымызға қатысты. Халықпен жұмыс жасауға деген мақсатымыз бен ашықтығымызға куә болды», – деді А.Қоңыров.
21 сәуір күні  ҚКХП атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмысының нәтижелері жөнінде баяндады.
Обком жетекшісі Н.Қадырқұлов қазіргі уақытта интернационализм, төзімділік пен шыдамдылықтың, ізгілік пен адамгершіліктің маңызы күннен-күнге артып келе жатқандығын алға тартты.
Оның айтуынша: «Үгіт-насихат науқаны аясында біздің кандидат кейбір облыс-тарды аралап, ол жерде студенттермен, оқытушылармен, өндіріс кәсіпорындарының басшылары және жұмыскерлерімен әңгімелесулер өткізді. Оларды ҚКХП сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды».
Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың аймақтық сайлауалды штабы жұмыстың алдын ала қорытындысын жасады.
«ҚКХП атынан Президенттікке кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды компаниясының жоспарына сәйкес сайлаушылар арасында сапалы үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды», – деді ол.
Кеше Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов пен жас коммунистер тобы қызыл ленталармен әсемделген көгершіндерді аспанға ұшырды. Олардың ұшуы дүниежүзіндегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өркендеуді, сондай-ақ, коммунистік идеялардың жаңа биіктерге көтерілуін сипаттайды.
Шараның 40-тан астам қатысушылары құстардың ұшқанын қызыл жалаушалармен қарсы алды.
Акция қатысушыларының алдында
баяндама жасай келе, Т.Сыздықов бүгінгі күні бейбітшілік пен өркендеу идеяларын алға тарту үшін жастарға түсінікті және айқын рәміздердің қажет екенін жеткізді.
Ұшып бара жатқан құстарды бақылай отырып, шараның қатысушылары оларға қызыл жалаушалармен бұлғап, Интерна-ционал гимнін орындады.
Кеше Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов аймақтық сайлауалды штабтары жетекшілерімен скайп-конференциясын өткізді.
Кіріспе сөзінде Т.Сыздықов үгіт-насихат науқаны жоғары дәрежеде жария және тең мүмкіндіктер жағдайында өткізіліп отырғанын жеткізді.
«Осы сайлау науқаны арқасында біз бұқара халықтың назарын аударып, сайлауалды бағдарламаның негізгі акценттері мен қағидаларын жеткіздік», – деді Т.Сыздықов.
«Кандидаттың үгіт-насихат пойызы сегіз аймаққа барып, сайлаушылармен 60-тан  астам кездесулер өткізілді. Біз өзіміздің коммунистік тұғырнамамыз, марксизм-ленинизм идеялары, жалпы адамдық құндылықтар – бейбітшілік, тұрақтылық пен төзімділік, интернационализм мен халықтардың достастығы туралы әңгіме қозғадық.
Көп уақытты халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ортақ өркендеу мен бейбітшілік үшін барлық халықтардың өзара әрекеттестікке тартылу қажеттігі туралы дискуссияларға жұмсадық», – деді жиналғандарға Тұрғын Ысқақұлы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар