Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамдық ұйымдардан көмек аз болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамдық ұйымдардан көмек аз болмайды

Денсаулық сақтау саласының облыстың пенитенциарлық секторымен бірлесіп жұмыс істеуі 2003 жылы басталды. Бұған «Луч надежды» қоғамдық қорының директоры, белгілі құқық қорғаушы Любовь Рубежанская айтарлықтай игі ықпал етті. Сол жылы құрылған қордың миссиясы туберкулезбен күреске, онымен ауырғандардың құқықтарын қорғауға бағытталған еді. Облыстың пенитенциарлық мекемелерінде жүргізіле бастаған бұл жұмыс 2005 жылы өз нәтижелерін беріп, Үкімет Қаулысымен құрылған облыстық бақылау комиссиясының құрамына туберкулезге қарсы күрес диспансерінен осы жолдардың авторы және тағы бір маман енді. Мұның өзі еңбекпен түзеу мекемелеріне кедергісіз кіруімізге мүмкіндік берді. Сөйтіп, ондағы жағдайды жақынырақ білетін болдық.

Степногорск қаласындағы ЕЦ-166/11 мекемесінде орналасқан туберкулезге қарсы колонияда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті облыстық басқармасының бастығы Талғат Ахметовтың күш-жігерімен науқастарды жазалау режимі бойынша емес, эпидемиологиялық статусы, аурудың типі және санаты бойынша орналастыру қолға алынды.
Тубдиспансердің бактериологиялық зертханасының меңгерушісі З.Мырзахметовамен бірлесіп, 2004 жылы ерте туберкулездің алдын алу мәселесі бойынша іс-қимыл шараларының жоспары жасалды. Туберкулезбен күрес жөніндегі Нидерланды Корольдігі қауымдастығы халықаралық үкіметтік емес ұйымының ықпалымен Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының туберкулезге қарсы колонияларында мониторинг жүргізілді.
2012 жылы «Луч Надежды» қоғамдық қорының мүшелері Әзірбайжанның астанасы Баку қаласына барып, тәжірибе алмасты. Мұндағы туберкулезге қарсы колонияда болған кезде Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің туберкулезбен ауыратын сотталушыларды жоғарыдағыдай бөлгені дұрыс екендігіне тағы бір көз жетті. 2012 жылы ЕЦ-166/11 мекемесінде көптен күткен бактериологиялық зертхана іске қосылды. Жоғары қорғаныс қабілеті бар респираторлар сатып алу 2005 жылы басталды. 2014 жылы мекемеде респиратордың бетке саңылаусыз тығыз орналасуын анықтайтын ФИТ-тест құрал сатып алынды.
2017 жылы аурудың жұғу ықтималы бар бөлімшелерде арнайы желдеткіштер құрастырылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде тұтастай алғанда облыс бо-
йынша туберкулезбен сырқаттану және одан қайтыс болу көрсеткіштері кеміп келеді. Айталық, туберкулездің асқынған түрі және оны мекеменің ішінде жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ.
Туберкулезбен күрес бағытындағы «Игілік» қоғамдық қорын құру арқылы мен өзім зейнет демалысында да еліме пайда келтірудің қуанышын сезіндім. Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы конкурсқа қатысып, оны ұтып алғандықтан, ұлттық фтизиопульмонология орталығына және Жаһандық қорға өте ризамын. Қазіргі уақытта туберкулезбен ауыратын науқастардың сырқатын диагностикалау және емдеу мәселелері шешілген. Мұның өзі 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күрес жөніндегі кешенді шараларға азаматтық секторды қатыстырудың маңызы өте зор екендігін көрсетеді.
Туберкулездің алдын алуға маманданған «Игілік» қоғамдық қорының міндеті – туберкулездің белгілері бар адамдар мен осы аурудың ошағын анықтау халықтың осал топтарын диагностикалауға қолжетімділікті жақсарту, еңбекпен түзеу орындарынан босап шыққан туберкулезбен сырқаттанушыларға қолдау көрсету, тағы сол сияқты шаралар.
Мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мен әріптестік қатынастарды күшейту үшін Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен, қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен, ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметімен, ішкі істер департаментінің көші-қон қызметі басқармасымен меморандумдарға қол қойылды.
Осындай меморандумдар облыстық туберкулезге қарсы диспансер, облыстық реабилитациялық наркология орталығымен, тағы басқа емдеу орындарымен де жасалды. Іс жүзінде қор денсаулық сақтау, білім беру саласы, жергілікті полиция қызметі, әлеуметтік қорғау органдары, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, миграциялық қызмет арасындағы байланыстырушы буынға айналды. Өз жұмысымызға волонтерларды тартамыз. Қазіргі уақытта қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде, Көкшетау қаласындағы жоғары медициналық колледжі мен Щучинск қаласындағы жоғары педагогикалық колледжде 200 волонтер даярладық.
Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізу және ұдайы жүргізілген реформаларды ескере отырып, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде біздің де күш-жігеріміз керек қой деген ойдамыз. Әсіресе, мемлекет алғы кезекке пациентті емдеуді емес, аурудың алдын алуды қойып отырғанда, біз атқарар жұмыс жетерлік. Өкінішке орай, іс-жүзінде барлық бірдей бас дәрігерлерден қолдау таба бермейміз. Алайда, туберкулездің алдын алу, соның ішінде әсіресе, БОМЖ-дардың денсаулығын тексеру мәселелерінде өзара түсіністікке келеріміз айқын. Туберкулезбен ауырғандар арасында әлі күнге осы аурудың зардабы мен қауіп-қатерін толыққанды сезіне бермейтіндер бар. Сондықтан, біздің миссиямыздың өзі осы бір маңызды мәселені облыстың әрбір тұрғынына жеткізе білуде жатыр.
Қысқа мерзім ішінде 3500-ден астам адамды ақпараттық-түсінік жұмыстарымен қамтып, ішкі істер департаментінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен басқа да арнайы контингенттің арасында 43 оқыту семинарын өткіздік.
Туберкулезді дер мезгілінде анықтау және халықтың осал топтары арасында оның асқынып кеткен түрлерін тіркеу, 18 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулезбен сырқаттану проблемаларын шешуде және тағы басқа мәселелерде өзгелермен бірлесіп осы ауруды болдырмаудың ортақ бір шешімін табатынымыз айқын.

Айман ТЕМІРХАНОВА,
«Игілік» қоғамдық қорының төрайымы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар