Кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің ұжымы Ерейментау ауданындағы Олжабай батыр ауылының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына ізгілікті көмек көрсетті.
Аталмыш мекеме мұндай акцияларға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Өткен жылы су тасқынынан зардап шеккен атбасарлықтарға да бір күндік еңбекақыларын аударған. Олжабай батыр ауылының су тасқынынан зардап шеккен 19 отбасының құрамы есепке алынып, мекен-жайлық ізгілікті көмек дайындалды. Департамент басшылары мен қызметкерлері жинаған 300 мың теңгеге азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын және тұрмыстық тауарлар сатып алды. Кеше бұл көмек су тасқынынан зардап шеккендерге жеткізілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.