Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ескірген тұқым тиімсіз - АРҚА АЖАРЫ

Ескірген тұқым тиімсіз

Диқандар көктемгі егіс науқанына дайындық үстінде. Егіннің бітік шығуы ылғалдың қаншалықты жиналып, сақталуына байланысты болса, осыған ықпал ететін басқа да факторлар бар.

Соның бірі құйылған тұқымның сапасы мен егіс алқаптарында арамшөптің жай-жапсары. Ауыл шаруашылығында ескірген тұқымдардың өнімділігі төмендеп, астық сапасына кері әсерін тигізеді. Әсіресе, тұқым сақталған кезеңде қамбадағы зиянкестердің де зияны тиюі ықтимал екенін естен шығармау қажет. Мұндай тұқым түрлі ауруларға ұшырап, стандарт талаптарына сай болмайды. Тиісінше сәйкестік сертификаты да берілмейді.
Карантиндік нысанның  бір түрі – жатаған у кекіре арамшөбі болып табылады. Тамырдан шығатын улы заттар көптеген дәнді дақылдарға зиянды әсерін тигізеді, олардың өсуін төмендетеді. Шөптермен тиімді күресу үшін оның биологиялық ерекшеліктерін білу қажет. Оны жою жоспарына агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістер кіреді. Егер дер кезінде арамшөп жойылмаса, бидай мен кекіре араласқан тұқымдардан алынған ұн ащы болады. Нан пісіруге жарамайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тұқымды сұрыптаған кезде, оның сапасына баса назар аударуы қажет.

Нұрлан БОҚАНОВ,
Көкшетау қалалық аумақтық
инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар