Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қарыздарын өтей бастады - АРҚА АЖАРЫ

Қарыздарын өтей бастады

Аудандық прокуратураның тексерістерінің нәтижесінде  өткен айдың өзінде бірқатар серіктестіктер жұмысшыларға 19 миллион 895 мың теңге қарыз екені анықталды.

Мәселен, «Агроцентр-Ақмола-Техсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үстіміздегі жылдың алғашқы екі айында 71 қызметкерге еңбекақыларын төлемесе, «Атбасарка Нива» серіктестігі де 400 адамға 10 миллион теңгеге қарыз екені белгілі болды. «Агроцентр Астана» шаруашылығында да осындай заң бұзушылықтар тіркелді. Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде аталған кәсіпорындар 118 қызметкерге 7 миллион 82 мың теңге қарызын өтеді.
Одан басқа «Атбасарские мельницы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің өтініштері бойынша осы мекемеде тексерістер жүргізіліп, жұмысшылардың құқықтары қорғалды. Қызметкерлерге еңбекақыларын уақытында төлемегені үшін аталған серіктестік директоры Ж.Абдұлғапарова әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дархан АМАНБАЙ,
Атбасар ауданы прокурорының
әділет кеңесшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар