Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтарға арналған үкімет - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтарға арналған үкімет

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Бақытжан Ақан биылғы жыл ішінде атқарылған жұмыстары мен цифрландыру бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалар жөнінде айтып берді.

Филиал директорының айтуынша, ағымдағы жылдың он екі айында өңір тұрғындарына 1 миллион 100 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, 700 мыңнан астам мемлекеттік қызметті ақмолалықтар халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы алса, азаматтарға 300 мың электрондық цифрлық қолтаңба берілген.
–Жыл ішінде мүмкіндігі шектеулі 2400 азаматқа мемлекеттік қызметтер үйлерінде көрсетілді. «Бүгінгі таңда реестрдегі 741 мемлекеттік қызметтің 598-і корпорация арқылы көрсетіледі, ал 454 қызметті электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Кез келген адам электрондық қызметті өз үйінен немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарының «Connection Point» секторларынан ала алады», –деді филиал директоры.
2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында egov.kz порталында көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру бойынша сервистер іске қосылды. Көлікті онлайн тіркеу сатып алынған автокөлікті арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, өз атыңызға тіркеуге мүмкіндік береді. Порталда қызметті пайдалану үшін сатушы мен автокөлікті сатып алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы тиіс. Жүйе айыппұлдардың, салықтық берешектердің және техникалық байқаудың болуын автоматты түрде тексереді, қандай да берешектер болған жағдайда төлемді портал арқылы жүргізуге болады. Сатып алушы өтініммен танысқаннан кейін порталдағы өзінің жеке кабинетінде нөмір белгісі, көлік құралын тіркеу және тіркеу туралы куәлік үшін мемлекеттік баж төлейді. Жаңа көлік иесі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына тек нөмір белгісін алу үшін бара алады, болмаса оны да пошта арқылы үйге жеткізіп беру қызметіне тапсырыс бере алады.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар