Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясына қатысушылар сөз алады - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясына қатысушылар сөз алады

Ұлт Көшбасшысының қатысуымен өткен кешегі сессия бәрімізді ерекше рухтандырып, «бейбітшілік» деп аталатын баға жетпес құндылығымыздың мәнін терең ұғынуға үндегендей.

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайына еліміздің әр түкпірінен ұлттар арасындағы өзара достық ұғымын кеңінен насихаттап жүрген алқалы әлеумет көп жиналды.  Сол мыңдаған тілеулес, ниеттес ағайынның бірі болып мен де бардым. Алған әсерімді бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мені қашанда Елбасының ерекше тұлғасы, адамдармен арақатынасы тәнті етіп келеді.  Одан тарайтын жылы нұр сәулесі бұл жолы да бізге дарығандай.
Сессияда Президент көптеген келелі ой-толғамдарын ортаға салды. Соның ішінде менің ойымдағыны дөп басқанына тоқталып өткім келіп отыр. Елбасы тек өзіне тән ғана мәдениеті бар мемлекеттің мықты болып, өзгелерден дараланып шыға алатындығын айтып, бұл тұрғыда Жапонияны мысалға келтірді.  Иә, батыстан келіп жатқан жат ағымдарға төтеп берудің жалғыз жолы – осы. Расында да, бұл мен көптен күткен ой-ұсыныс еді.
Жаһандық сын-қатерлердің үдеген, геосаяси жағдайдың асқынған қазіргідей тұсында біз мұны анық түйсініп отырмыз. Сондықтан да, бүгінгі барымызға шүкіршілік айтуымыз керек. Еліміздегі мамыражай тірлікке әрбіріміз үлес қосудамыз.
Ақмола жерін мекен етіп жатқан он мыңдай шешен-ингуш отбасының да  айтпағы осы және біз сол қазақстандық мәдениетті қалыптастыруға атсалысатын боламыз.  Біздің барар межеміз – Мәңгілік ел.  
Герихан ЯНДИЕВ,
Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 

 

«Мәңілік ел: бір ел – бір тағдыр» деген ұранмен өткен ассамблеяның ХХІІ сессиясына қатысып, ерекше рухтанып оралған жайым бар.

 

Президент бұл жолы тағы да ел бірлігін нығайту бізді тек биіктерге жетелейтіндігін атап өтті.  Ол тұтасқанда ғана жеңістердің болатынын көз алдымызға тарихты елестете келе ұғындырғандай болды. Расында да,  жаппай жер аудару мен қолдан жасалған аштық, қазақ даласына 11 зұлмат лагерь салдырған саяси-қуғын сүргін, одан кейінгі адамзат тарихындағы ең жойқын саналатын екінші дүниежүзілік соғыс бізді мұқалтпай кеткен жоқ. Енді бүгінгідей бейбіт заманда сол  тарихтан сабақ алуымыз керек.
Мен өзім Қазақстанға жолдамамен келген адаммын, кезінде он жылдай құқық қорғау органдарында қызмет етіп, кейін кәсіпкерлік саласына бет бұрдым. Бүгінде өз ұлтының өкілдерінің басын қосқан бірлестік жетекшілерінің бірімін. Жалпы, облыста  мыңға тарта әзірбайжан тұрып жатыр. Олардың бәрінің де жұмысы мен баспанасы, киер киім, ішер асы бар. Ортақ Отанымызға айналып кеткен бұл далаға келу жолдары әртүрлі болғанымен, қазіргі мақсат-мүддесі бір. Елімізден бірлік, жерімізден береке кетпесе екен дейді.
Осы бейбіт күн, риясыз достық үшін бір-бірімізге ризашылығымызды жеткізер арнайы күнді белгілеп, атап өтуді ұсынған Президенттің ұсынысы да менің ойымнан шықты.  Ендеше, бірге ортақ жеңістерге жете берейік демекпін.
Назим ШИХАЛИЕВ,
«Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық
қоғамдық бірлестігінің облыстық
филиалы төрағасының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар