Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адамзатты болашақта не күтіп тұр?!. - АРҚА АЖАРЫ

Адамзатты болашақта не күтіп тұр?!.

Өткеніміз естелік болып жадымызда сақталып қалғанымен, алдағы күнде не күтіп тұрғаны біз үшін жұмбақ. Әрбір пенде ертең өзін не күтіп тұрғанын, болашақта қандай жетістіктерге жететінін білуге ынталы. Сондай-ақ, өзіміз өмір сүріп жатқан мемлекеттің, жалпы адамзаттың ертеңгі болашағының қандай болатынын білу де баршамыз үшін маңызды екендігі даусыз. Дегенмен, болашақты тұмшалап, бізге көрсетпей тұрған уақыт пердесін түріп, ертеңгі күнде не боларын білу екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақыт болса керек. Көріпкелдік деп аталатын құбылыс жөніндегі түсінік ежелден бар және қарапайым адамдар түгілі, ел басқарған саяси тұлғалар да кейде сол көріпкелдердің айтқанына құлақ асатынын айғақтайтын жайлар аз емес.

Көріпкелдік жай қиял ма, әлде ғылымға беймәлім құбылыс па?

Материалистік ғылым болашақты болжаудың мүмкіндігін түгел теріске шығарып, өмір кездейсоқ дамиды және оның қай бағытқа бет алғанын ешкім, ешқашан болжамдай алмайды деп түсіндіреді. Қасиетті Құранда бал ашып, болашақты болжау күнә екендігі анық жазылған. Десе де, бұның бәрі адамдардың ертеңгі болашақтарын білсек деген ынта-ықыласын кеміте алған жоқ.
Адамдарда қызығушылық бар екен, оны қанағаттандыруға деген талпыныс та болатыны анық. Өздерінің тұрақты жері, елі жоқ көшіп-қонып ел кезіп жүретін сығандардың арасында бал ашып, болашақты болжайтындар жиі кездеседі. Олардың айтқандарына сеніп, ақшаларын беріп жататындар да баршылық. Қарапайым адамдардың ішінде де картамен, құмалақпен, тіпті кофемен бал ашып, болашақты болжайтындар жоқ емес. Осындай көріпкелдердің көбі оңай жолмен ақша тапқысы келіп жүрген алаяқтар десек, шындықтан алыс кетпейміз. Дегенмен, олардың арасында бірлі-жарым ертеңгі күнді болжай алатын табиғат берген таланттары бар шын көріпкелдер де кездеседі.
Сондайлардың бірі болгарлық көріпкел Ванга. 13-14 жасында табиғат апатына ұшырап, екі көзі су қараңғы соқыр болып қалған ол енді өлілермен кездесіп, соларды көретін, солармен әңгімелесетін тылсым қасиетке ие болады. Вангаға кезінде өз отандастары ғана емес, КСРО-дан да жолы түскен адамдар барып, болашақтарын болжатады екен. Тіпті, оған Брежнев те барыпты деген сөз бар. Елциннің көмекшісі болған Медведев президент сайлауы қарсаңында Вангаға барып, кім жеңетінін болжатқаны туралы бір мақаласында жазады.

Мөңке бидің болжамдары

Ал, өткен ғасырларда өмір кешкен қазақтың ғұламасы Мөңке бидің айтқандары қазір айнымай келіп отырғандығы таң қалдырмай қоймайды. Бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген данагөйдің бүгінгі заман туралы бәрін айна қатесіз айтуы кездейсоқтық па?
…Ертеңіне сенбейтін
күнің болады.
Бетіңнен алып түсер
інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады,
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады.
Кебір – жерге теңеледі,
Әйел – ерге теңеледі,
Көл – теңізге теңеледі.
Сиыр – өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы –
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны – ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
«Алһам» білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші
көршіге кірмейді.
Ақырзаман халқының
Шайдан басқа асы жоқ,
Жақыннан басқа қасы жоқ.
Лағынет қамыты мойнында,
Жұмыстан қолының босы жоқ.
Әрқашан да олардың
Көңілінің хошы жоқ.
Бар шаруасы түп-түгел
Енді мұның несі жоқ…
Заман ақыр боларда –
Жер тақыр болар,
Халқы пақыр болар.
Балалар жетім болар,
Әйелдер жесір болар,
«Ә» десе, «мә» дейтін
кесір болар…

Нострдамус не дейді?

16 ғасырда Францияда өмір кешкен Мишель Нострдамус деген оқымысты өз заманында болатын оқиғаларды дәл басып болжаумен аты шығыпты. Тіпті, ол сол кезде өмір сүрген Франция короліне ажалының қашан және неден болатынын да дәл болжап айтыпты деген әңгіме бар.
Нострдамустың атын шығарған өз заманындағы ел басшыларына жасаған дәл келген болжамдары емес, төрт жолды өлең түрінде жазылған болашақты болжауға арналған көріпкелдік кітабы. Кітап құпия тілмен жазылғандықтан, оның астарын екінің бірі түсіне қоймайды. Содан болар, оқиғалар өтіп кеткен соң Нострдамус былай деп айтқан, оның болжамы былайша дәл келді деп жазып жататындар көп. Ал, кітаптағы айтылғандарды өздерінше жорып, болашақта не болатынын болжамдауға талпынатындар да бар. Енді солардың пікірлеріне назар аударып көрелік.
Нострдамустың болжамынша адамзат тарихы күрт өзгеретін кезең жақындап келеді. Ол «Вестник», яғни, Хабаршы деп атаған жер бетін күнәһарлардан тазартып, иманды қоғам орнататын, адамзат баласын алтын ғасырға жеткізетін құтқарушы 21-ші ғасырда келмек. Оның дәл қай жылдар екендігін Нострдамустың кітабын шифрлаушылар әртүрлі айтып жатады. Ортақ нәрсе мынау: адамзат баласы әбден азғындап, күнәһарлық құрдымына құлаған уақытта келетін құтқарушы күнәһарларды аяусыз жазалап, жер бетін олардан тазартады және қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын алтын ғасырды орнатады. Ол заманда кедей-бай деген болмайды, барша адам теңдікте, молшылықта өмір кешеді және адам өмірі 500-600 жылға дейін ұзарады. Аурулар мен мүгедектер болмайды. Бір сөзбен айтқанда, нағыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жерұйық заман орнамақ. Бұның қаншалықты шындыққа жататынын уақыт көрсетеді деген ойдамыз.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар