Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Сарқыт» айлығының нұрлы шуағы - АРҚА АЖАРЫ

«Сарқыт» айлығының нұрлы шуағы

Елімізде «Қайырымдылық керуені» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында «Сарқыт» айлығы бастау алды. Осы айлықты қолдау мақсатында жаңа жылдың алғашқы күндері Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, осы ассамблеяның жанындағы Аналар кеңесі, Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі Көкшетау қаласындағы Бейсеновтар отбасында болды.

Бұл отбасында ракты жеңген сегіз жасар Жанель Бейсенова тәрбиеленіп жатыр.Ақмолалықтар 2017 жылдың қаңтар айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы миело-диспластикалық синдром (МДС) диагнозымен ауыр науқасқа ұшыраған бес жасар көкшетаулық Жанель Бейсенова есімді қыз туралы естіп білді. Рефрактерлік анемия, түсінікті тілмен айтқанда қан
ауруы. Сол сәттен бастап оның өмірі үшін күрес басталды. Жас бүлдіршін қызды шетелде жасалатын ми сүйегін ауыстыру отасы ғана құтқару мүмкін еді. Дәл осы тұста өз қыздарының шұғыл отасына қажет қаражатқа мұқтаж болған ата-анасы Жомарт және Айнагүл Бейсеновтарға ота жасауға, шетелдегі емханада тұруларына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы көмек қолын созды. ҚХАА жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырған қайырымдылық акциясы арқасында Жанель Бейсеноваға қажетті қаражат жиналды. Ол кезде кішкентай Жанельдің басына түскен қиындыққа бейжай қарамай, «Шын жүректен» атты акцияға облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік құрылымдардың және жеке ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің басшылары, қала тұрғындары қатысты. 2016 жылдың 22 желтоқсан күні «Medical Park» атты түрік емханасында бүлдіршінге ауыр ота жасалды.
Бүгінде Жанель – өмірге құштар, өзгелермен әрдайым қарым-қатынас жасауға дайын екінші сынып оқушысы. Осы жолы отбасына келген ассамблеяның қонақтары – ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова, «Бари» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Рузанна Дегоян, әдістемелік қамтамасыздандыру және БАҚ-пен жұмыс бөлімінің басшысы Розалия Крушеваларды Жанель және оның жетінші сынып оқитын ағасы Темірлан мен екі жасар қарындасы Нарғыз қарсы алды.
Балалардың көзіндегі қуаныш реңін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ақмола ассамблеясының «Сарқыт» айлығына байланысты әкелген жемістер, тәттілер, балаларға арналған киім-кешектер мен ойыншықтардың бәрі балалардың көңілінен шыққаны анық.
«Жанель үйде білім алу арқылы екінші сыныптың бағдарламасын меңгеруде. Үш айда бір рет Астанадағы Ана мен бала орталығының онкология бөліміне сараптама тапсырамыз. Негізгі қиындықтар артта қалды деген сенім басым. Осыншама сынақтан өткенімізге кейде тіпті сену қиын. Ақмола ассамблеясына, біздерге көмек қолын созған және әлі де қолдау білдіріп келе жатқан жандардың баршасына айтар алғысым шексіз. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында біз мүмкін емес жағдайға қол жеткіздік. Ауыр науқасты жеңдік!», дей келе, көз жасына ерік бере отырып, Жанельдің анасы Айнагүл Олжабайқызы өз ризашылығын білдірді. Бір ерекшелігі, Бейсеновтар отбасы – бұл рак ауруын жеңе білген Қазақстандағы жалғыз отбасы. Өздерінің тұрғылықты баспаналары жоқ, жалдамалы пәтерде тұрады. Бірақ, үй иелері Жомарт және Айнагүл екеуінің де рухтары мықты.
Ал, «Қайырымдылық керуені» осы айда өзінің ең асыл тілектердің орындалуына негіз болатын жақсылық пен мейірімділік сапарын одан әрі жалғастыратын болады.

Бақыт МҰхамедрахЫмова-Тасова,
Ақмола облысы әкімінің жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері.
Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар