Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықаралық бақылаушылар сайлауға жоғары баға берді - АРҚА АЖАРЫ

Халықаралық бақылаушылар сайлауға жоғары баға берді

 

Халықаралық бақылаушылар Президент сайлауының өте жоғары деңгейде өткенін атап көрсетуде. Олардың пікірінше, бұл сайлау транспарентті, ашық және әділ сайлаулардың үлгісі болып табылады.

 

«Біз халықаралық байқаушы ретінде Қазақстандағы Президент сайлауына осымен үшінші рет қатысып отырмыз. Биылғы сайлау өте сауатты және жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Біз 33 сайлау учаскесін араладық, онда ұзыннан-ұзақ созылып, кезек күткен адамдарды көрдік. Олардың сайлауға деген қызығушылығы өте жоғары екен», – дейді АҚШ байқаушысы, сарапшы Ричард Вайц.
Ал, оның әріптесі, Jamestown Foundation сарапшысы Влад Сокордың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы мен жергілікті сайлау учаскелерінің сайлауды ұйымдастырудағы шеберлігі жоғары.
«Біздің байқауымызша ОСК Үкіметтік емес ұйымдарды тәуелсіз бақылаушы ретінде тартып отыр. Бұл да қоғаммен байланыстың бір түрі. Сонымен қатар, сайлаушылардың тікелей тілдесуі үшін арнайы сайт та ашылған, бұл транспаренттілік деңгейінің биіктігін көрсетеді. Сондай-ақ, біз таң атқаннан кеш батқанға дейін сайлаушылардың топ-тобымен келіп, белсенді түрде дауыс бергенін өз көзімізбен көрдік. Және бір айта кетерлігі, сайлаушылардың көп бөлігі күннің бірінші жартысында-ақ дауыс беріп үлгерді», – дейді ол.
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы техникалық тұрғыда
сауатты әрі ұйымшылдықпен өтті. Бұл пікірді бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ТМД байқаушылары миссиясының өкілі Георгий Федоров білдірді.
«Біз Астана маңындағы үш елді мекенде болдық. Сайлау учаскелері дер уақытында ашылды. Біз байқаушылармен, сайлау комиссияларының өкілдерімен және қарапайым азаматтармен тілдестік. Техникалық тұрғыдан алып қарағанда сайлау өте сауатты әрі ұйымшылдықпен өткізілді», – деді ол.
Г.Федеров сонымен қатар, өз сөзінде таңертеңнен дауыс беруге келген сайлаушылардың қарасы көп болғанын ерекше атап өтті.
«Сондай-ақ, біз сайлау комиссиялары өкілдерінің дайындықтарын тексердік. Жалпы, азаматтардың дауыс беру құқығын шектейтіндей ешқандай заң бұзушылық орын алмады», – деді шетелдік байқаушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар