Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көрсеткіштер жақсарып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Көрсеткіштер жақсарып келеді

Жақсы ауданының әкімі Бауыржан Мəлғаждаров өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен өткізілген брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындылары жайында айтып берді.

Аудан әкімінің айтуынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша өңірде ауыл шаруашылығында өндірген жалпы өнім көлемі 31,4 миллиард теңгені құраған. Оның ішінде, мал шаруашылығы 5,5 миллиард теңге, егін шаруашылығы 25,7 миллиард теңге көлемінде болған. Нақты көлемі индексі 98 пайыз.
– Биылғы жылы аудан диқандары 613,6 тонна астық жинады. Агротехникалық шараларды ұтымды қолданудың арқасында гектар түсімі 14,3 центнерден айналды, – деп атап өтті аудан әкімі.
Сонымен бірге, аграрлы ауданда мал шаруашылығына да зор көңіл бөлініп келеді. Оны ауданда мал санының артқанынан байқауға болады. Тірі салмақтағы ет өндірісі 3,8 мың тоннаны және сүт өндірісі 20,1 мың тоннаны құрап отыр. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің көлемі 2918,1 миллион теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,4 пайызды құрады. Аудандағы іргелі шаруашылықтар «Урожай» және «Айбат» серіктестіктері ең ірі салық төлеушілер болып табылады. Биылғы жылы «Урожай» серіктестігінде қуаты тәулігіне 500 тонна ұн шығаратын диірмен және жылына 12 мың тонна дәнді және бұршақ дақылдарын өңдейтін жарма цехы кешендерін іске қосу жоспарланған.
Ауданда шағын және орта бизнестің да-муында да оң көрсеткіштер байқалады. Ба-уыржан Мәлғаждаровтың сөзіне қарағанда, бұл салада 136 жаңа жұмыс орны ашылған.
Брифингте, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол, су және жастарды жұмыспен қамту сияқты мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.
– Ауданда 14-29 жас аралығындағы 3985 адам тұрады. Оларды ауылдық жерлерге жұмысқа орналастыруға көңіл бөліп отырамыз. Мәселен, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша сегіз жас маманға 1,3 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, бес маманға тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген пайыздық көрсеткішпен 10,8 миллион теңге несие бердік, – дейді аудан әкімі.
Баспасөз мәслихаты барысында журналистер аудан әкіміне өз сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар