Аа-Әә, Оо-Өө дауысты дыбыстары
Сабақтың тақырыбы:
|
Аа-Әә, Оо-Өө дауысты дыбыстары
|
|||||
Жуан дауысты дыбыстар
|
||||||
Аа | Оо | Ұұ | Ыы | |||
Жіңішке дауысты дыбыстар
|
||||||
Әә | Ее | Өө | Үү | Іі | ||
Сингармонизм заңы – дауысты дыбыстардың үндесуі және сөздегі сөз бен қосымшалардағы дауыссыз дыбыстардың бір-бірін ұқсата әсер етуі. Қазақтың төл сөздерінде не бірыңғай жуан, не жіңішке дауыстылар жазылады. Мысалы: жаттығу-лар, қарындаш-тар, бала-лар, ұшақ-тар.
Бірақ кейбір кірме сөздер мен біріккен сөздерде аралас (жуан және жіңішке) дауыстылар кездеседі.
Кірме сөздер | Біріккен сөздер
|
Muǵalіm, kіtap | Jolserіk, Aqtóbe,
elorda, áýejaı |
Қосымша сөздің соңғы буынына үндесіп жалғанады. Яғни, сөздің соңғы буыны жуан немесе жіңішке болса, жалғанатын қосымша да жуан немесе жіңішке болады. Мысалы: dúken+de, qala+da
1-тапсырма: Дұрыс жалғауды таңдаңыз.
Dúken (-de, -te) kіtap satylady.
Bala (-lar, -ler) dala (-ta, -da) oınap júr.
Onyń kóıle (-kі, —gі) qyzyl.
Aǵam jumys (-qa, -ke) kettі.
Anam mektep (-te, -de) jumys іsteıdі.
Qala(da, ta) bıіk úı (-ler, -der) kóp.
Аа-Әә – дауысты дыбыстар. Аа – дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай жуан дыбыс. Латын әлібиінде Аа дыбысы ешбір өзгеріссіз жазылады.
Ж, ш мен и әріптерінің арасындағы а дыбысы жіңішке айтылғанымен, жазылуда а (яғни жуан) әрпі таңбаланады:
Жазылуы | Айтылуы |
jaı | jáı |
jaılaý | jáılaý |
jaıly | jáıly |
shaı | sháı |
shaılyq | sháılyq |
Әә — дауыстының ішінде тілдің қатысына қарай жіңішке дыбыс. Әә-дыбысын айтқанда тіл алға жылжып, тіл алды сүйірленеді. Латын әлібиінде Әә-дауысты дыбысы акут арқылы жазылады. Мысалы: ән, әдемі, әуежай.
Ә дыбысы А дыбысының жіңішке түрі.
Салыстырайық: А-жуан дауысты. Ә-жіңішке дауысты.
Жазу емлесі
2-тапсырма. Сингармонизм заңына сәйкес а, ә дыбыстарының тиістісін қойыңыз.
…ріптес …қша
…қпарат А …депті
…уен Ә …удан
…уа …рыз
…скер …уежай
…ғаш …діс
…кімшілік …қылды
3-тапсырма.
ӘНШІ ДӘРІГЕР
БӘЙТЕРЕК СӘУКЕЛЕ
4-тапсырма. Берілген сөздердің дұрыс жазылғанын көрсетіңіз.
Жардем-жәрдем, әнұран-анұран, жаңбыр-жәңбыр, салем-сәлем, арқашан-әрқашан, сауал-сәуал, шайнек-шәйнек, бәйшешек-байшешек, баспасөз- бәспасөз.
Оо — Өө дауысты дыбыстары
Латын әліпбиінде Оо дыбысы өз қалпын сақтап қалады. Оо дауысты дыбысы Орыс тілінен енген сөздерде Оо әрпі орын талғамайды. Мысалы: Кимоно, динамо, кино.
Өө — дыбысы жіңішке үндесім әуезбен дыбысталады.Үндесім дыбысталуына қарай жіңішке әуезді дауысты дыбыс. Өө — әрпі сөздің басқы буынында жазылады. Сөздің соңғы буынында жазылмайды. Өө-Оо дыбысының жіңішке түрі. Мысалы: өкімет, өнер, төлем.
Сөздегі дыбыстардың жуан, жіңішкелігіне (о-ө) қарай сөз мағынасы өзгереді.
Bol-ból oz-óz soz-sóz
Boldy-bóldі or-ór sol-sól
Boz-bóz orys-órіs tor-tór
Qosh-kósh ot-ót tol-tól
5-тапсырма. Керекті (о,ө) дауысты дыбысты қойыңыз.
…rаmal, …leń, b…lme, …qýlyq, d…styq, …zen, …sіmdіk, …ralman, …rt, s…zdіk, m…r, j…ldas, d…star.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының
«Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығы» МКМ