Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерлік. Марапат. Әскери шеру. - АРҚА АЖАРЫ

Ерлік. Марапат. Әскери шеру.

 Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс жақындаған сайын кешегі ел басына күн туған сұрапыл жылдары қолына қару алып, ерліктің өшпес үлгісін танытқан майдангерлерге құрмет көрсетіліп, тағзым етілуде.

  Облыстық әкімдікте өткен шарада облыс әкімі Сергей Кулагин бір топ ардагерге  Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары мен Ұлы Жеңістің мерейтойлық медальдарын салтанатты жағдайда табыс етті.
 – Сіздер шынымен Ұлы Жеңістің сарбаздарысыздар. Қиян-кескі соғысты да, тылдағы ерен еңбекті де бастан өткердіңіздер. Ешқашан мойыған да емессіздер. Ерлікке толы өмірлеріңіз бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала береді, – деді Сергей Кулагин ардагерлер алдында сөйлеген сөзінде.
Адамзатқа қасірет әкелген Ұлы Отан соғысы жылдары елімізден  бір жарым миллионға жуық адам майданға алынып, өздерінің қасиетті парыздарын орындады. Ал, бүгінде қатары сиреген майдангерлерге мемлекет тарапынан да қамқорлық жасалуда.
Облыс әкімі Сергей Кулагин  Президент Жарлығымен наградталған ардагерлердің бір тобына мемлекеттік марапаттарды тапсырды. «Құрмет» орденімен Бүркітбай Батырханов, Александр Кияткин, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Анатолий Балашов, Елдес Қоңыров, Қабдірашит Рахымжанов, Федор Трубицын марапатталды. Ал, Николай Шпуров пен Жолымбет Тәшетовке Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталары табыс етілді.
Сонымен бірге, тағы онға тарта ардагерге Ұлы Жеңістің мерейтойлық медальдары берілді.
Өз кезегінде облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Чапай Әбутәліпов  Елбасының және өңір басшысының атына ардагерлердің ыстық ықыластары мен ризашылықтарын жеткізді.
Сөйтіп, облыс әкімі елордамыз Астана қаласында Қазақстан Қарулы Күштері мен Ұлы Жеңіс мерекелеріне арналып өткізілетін әскери шеруге қатысу үшін бір топ ардагерді салтанатты жағдайда шығарып салды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар