Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Біз енді Ұлттық ұланбыз!» - АРҚА АЖАРЫ

«Біз енді Ұлттық ұланбыз!»

дейді  мақтанышпен облыс орталығындағы 5510  әскери бөлімнің сарбаздары

Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 21 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Ішкі істер министрлігіне қарасты Ішкі әскер Ұлттық Ұлан ретінде қайта құрылған болатын.
Содан бері №5510 әскери бөлімі де  Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесімен жұмыс істеп келеді. Аталмыш бөлім командирі, подполковник Жанболат Төлегенов бізбен әңгімесінде үстіміздегі жылдың қаңтар айында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» жаңа заң қолданысқа енгізілгелі бері Қарулы Күштерге жүктелген жауапкершілік жүгі арта түскенін айтты.
–Бұрындары біздің міндетімізге түзеу мекемелерін күзету, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау қызметі кірсе, жаңа заңға төтенше жағдайлардан адамдарды құтқару, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне қолдау көрсету секілді қосымша баптар енгізіліп отыр. Бұл Отан қорғаушылардың бұрынғыдан да қырағы, жедел болуын талап етеді, – деді Жанболат Төлегенов.  
Әрине, Отан қорғау ісінде жауапкершілік пен ар-ождан, жауынгерлік шеберлік секілді қасиеттер қашанда бірінші кезекте тұрады. Онсыз ел қорғау мүмкін емес. Сонау тарихтан белгілі жоңғар шапқыншылығы кезінде, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ұлан-байтақ жерімізді сақтап қалған да батырларымыздың отансүйгіштігі мен ержүректілігі болатын. Бүгінде солардың ізін әскер қатарындағы сарбаздарымыз жалғап келеді. Араларында атасының жолын жалғастырамын деген мақсатпен әскери қызметті таңдағандар да бар. Солардың бірі – аталған бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, майор Кенжеболат Балтабаев. Атасы Тілеубай Балтабаев немістермен шайқаста Берлинге дейін жеткен екен. Майдан шебінде жүріп, басынан қатты жарақат алса да, үйге қайтпай, жауынгерлік міндетін жалғастыра берген. Соғыс аяқталған соң елге аман оралып, тек 1984 жылы дүниеден озғанын немересінің әңгімесінен естіп білдік. Әскери бөлім қызметкерлерінің әлеуметтік қамсыздандыру жағы да заңмен қарастырылған. Еңбек өтілі он жылға толмаған әскерилерге пәтерақыларын төлеу үшін  мемлекеттен қосымша ақша төленеді. Ал, әскери бөлімнің жатақханасында офицерлер, сондай-ақ, келісім-шартпен жұмыс істейтін әскерилер тегін тұрып жатыр.
–Алдағы маусым айында еліміздің Павлодар, Ақтөбе, Алматы,  Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 180-нен астам жасты әскерге қабылдаймыз. Бір ай оқу-жаттығудан өткеннен кейін оларды біздегі жеті ротаға бөлеміз. Әскерден үйлеріне қайтатын азаматтар да бар. Алда осы сынды жауапты кезеңдер күтіп тұр, – деді бөлім командирі, подполковник Жанболат Төлегенов.
Әскер өмірімен қоштасып, отбасымен қайта қауышатын сәтті сарбаздардың бірі Ілияс Оразалин де асыға күтіп жүр. Ол мұнда тура он бір ай бұрын Павлодар облысынан келген екен. Ілиясты қосқанда екінші жедел мақсаттағы бұл ротада тағы алпыс жеті сарбаз азаматтық борыштарын өтеуде. Қатардағы Айбек Аққұлан: «Көкшетау дегенде, көз алдыма бірінші болып өзім әскери борышымды өтеген №5510 әскери бөлімі келеді» десе, Алматы облысынан келген Жандос Смайылов есімді сарбаз аталған бөлімде келісім-шартпен қалып, әскери қызметін жалғастырмақ ниетте.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар