Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің құттықтауы 9 мамыр - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің құттықтауы 9 мамыр

 

Құрметті ақмолалықтар, қадірлі ардагерлер, тыл еңбеккерлері!
Сіздерді мақтаныштың, даңқтың, батылдық пен жігердің нышанын білдіретін  Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Осыдан 70 жыл бұрын кеңес халқы адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғысқа жеңіс нүктесін қойды. Қаншама жыл өтсе де біз Ұлы Жеңісті үлкен мақтанышпен және ризашылықпен еске алып, Туған жердің еркіндігі үшін өлімге қарсы бас тіккен, қандарын төккен және соғыстан кейін қираған елдерді көтергендердің еңбегін  ұмытпаймыз.
Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегі жоғары ілтипатқа лайық. Себебі, олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды. Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.
9 мамыр – біздің ортақ және сүйікті мерекеміз!
Ол – жеңімпаз-ардагерлер мен жеңімпаз-ұрпақтардың мерекесі! Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, Сіздердің арқаларыңызда біз осы керемет елде өмір сүріп, бейбіт аспан астында өз ұрпағымызды өсіріп келеміз. Біз Сіздердің ерліктеріңіз бен Отанға деген махаббаттарыңыз үшін, өмірлік даналықтарыңыз және белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін және өсіп келе жатқан ұрпақтың отаншылдығы үшін алғысымызды айтамыз.
Құрметті жерлестер!
Бүгінгі ерекше мәні бар мереке күні Сіздерді шын жүрегіммен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шексіз бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз!  Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері Сіздердің алдарыңызда бас иеміз! Жеңіске деген талпыныс бойларыңыздан ешқашан кетпесін, Сіздердің үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік болсын!

 

 

Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті жерлестер!

 

Сіздерді шын жүректен мерейтойлы дата – Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Осы атаулы күн – біздің Отанымызды қорғаған адамдардың патриотизмі, ерлігі мен даңқының символы.
Жеңістің алғашқы күнінен бері қанша жылдар өтсе де, оған қалай қол жеткізгенімізді ешқашан ұмытпаймыз. Өзінің Отанына деген ержүректіліктің және сүйіспеншіліктің мысалы ретінде жерлестеріміздің мыңдаған от кешкен тағдырларын айтуға болады. Тоқсан мыңнан астам ақмолалық барлық кеңес халқымен бірге майданға қатысты.  Жеңіс күні бүгінде біздің басымызды біріктіріп отыр. Көпұлтты еліміздің барлық азаматтарының бойына мақтаныш, сенім мен сарқылмас күш сезімін ұялатады.  Өшпес ерліктеріңіз үшін Сіздерге тағзым етеміз, құрметті ардагерлер!
Шын жүректен Сіздерге денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Әрқайсыңыз қамқорлық пен сүйіспеншілкке бөлене беріңіздер.   
Нина Дьячек,
Ақмола облыстық  мәслихатының
хатшысы.

 

 

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ардақты батыр ағалар, тыл еңбеккерлері!

 

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси кеңесі баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңістің
70 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Жеңіс – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Ерлікті жасау – бір ерлік, оны дәріптеу – мың ерлікке тән. Сондықтан да сұрапыл шайқаста туған жердің бостандығы үшін жандарын пида еткен боздақтарға тағзым етіп, ерліктерін мақтан тұтамыз.
Қымбатты ардагерлер, тыл еңбеккерлері, жасы кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары! Кейінгі ұрпақ жарқын да бейбіт болашақта өмір сүруі үшін қан майданды бастан кешірген өздеріңізге әрдайым тағзым етеміз.
Ұлы Жеңістің жетпісінші көктемі сіздердің көңілдеріңізге нұрлы шуақ ұялатып, жаңа да жарқын қуаныштар әкелсін! Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, ашық аспан тілейміз!
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси кеңесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар