Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкімнің құрметі - АРҚА АЖАРЫ

Әкімнің құрметі

 

Облыс әкімі Сергей Кулагин Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, оларға «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медалін табыс етті. 

  Өңір басшысы бірінші ат басын соғыс ардагері  Валентина Германның шаңырағына бұрды. 1925 жылы Украина жерінде дүниеге келген ол  оңтүстік-батыс  майданындағы  92-інші атқыштар дивизиясында санитарлық нұсқаушы болған.  Қан майданда көрсеткен ерлігі үшін нәзік жанды апамыз  «Қызыл Жұлдыз» ордені және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталады. Кейін тың игеру жылдары Қазақстанға келіп, осында тұрақтап қалса керек. Тоқсан жасқа толғалы отырған майдангердің үйіне осы айтулы мереке қарсаңында  демеушілер жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаз сыйлапты.
Өз әскери қызметін 1940 жылы Приморский өлкесінің  Шкотов станциясындағы 92-інші атқыштар дивизиясының 317-ін-ші атқыштар полкінен бастаған Әміржан Сайытовты да аймақ басшысы үйіне арнайы барып, алдағы мерекемен құттықтады. Ол Қиыр Шығыс округіндегі кіші лейтенанттар курсында оқып,  оны бітірісімен 72-інші танк полкі жеңіл танктер  взводының командирі болып тағайындалған.  Артынша 204-інші танк бригадасының командирі болды.  Ал, 1945-1946 жылдары Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында Жапониямен болған ұрыстарға қатысты.  Майдангердің Ұлы Отан соғысында, жапон милитаристерімен  болған шайқастарда көрсеткен ерлігі бағаланып, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Елге оралғаннан кейін Ұлттық қауіпсіздік саласында еңбек етіпті.
Ардагерлердің үйлерін аралаған облыс әкімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың аға буын өкілдеріне деген қамқорлығы айрықша екендігін, майдангерлер ерлігінің ұрпақ жадында мәңгі сақталатындығын айтып, оларға мерекелік медальдармен қатар, ақшалай сыйақы және азық-түлік себетін тарту етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар