Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аталар рухына - АРҚА АЖАРЫ

Аталар рухына

 

Ерейментаудың етегіндегі Өлеңті елді мекенінде күн кешкен Ұлы Отан соғысының ардагері Теміртас Ахметжанов майдандағы ерлігі үшін «Даңқ» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен наградталған ерлердің бірі еді. Бүгінгі мереке күні атам мен барша замандастарының рухына тағзым ете отырып, балауса жырымды арнағым келеді.

 

Суық ойлар сынаптай сырғанаған,
«Соғыс» деген ауыр сөз кімге ұнаған?
Менің атам майданда сұм жауменен,
Шайқасудан ел үшін бір тынбаған.

Біздер көрер арайлы ақ таң үшін,
Аямаған бойдағы жаттан күшін.
Ел қорғаған ерлердің ортасында,
Менің атам жүргені, мақтанышым.

Көкшетау, Еңбекшілдер, Сәуле ауылы,
Тудырған дараларды, таңдаулыны.
Атам да сол ауылда туып-өсіп,
Сол ауылда қоштасқан бал дәуірі.

Сұм соғыс талайларды сынаққа алған,
Жесір жар, жетім бала жылап қалған.
Менің атам солармен, ел-жер үшін,
Жауды қырған жапырып жырақтардан.

Сын сағатта сан тағдыр сыналған-ды,
Кеудеде жаны барлар құламады.
Менің атам бірігіп мың досымен,
Фашизмнен босатқан Праганы.

Өмірдің басы тәтті, арты жалған,
Соғыстың соңғы сәті жарқыраған.   
Автоматын асынып Берлинді де,
Жанталасқан жауынан тартып алған.

Қуат беріп Жаратқан пендесіне,
Фашизмді қоймады жеңбесіне.
Менің атам оралды аман-есен,
Орден, медаль  тағып ап кеудесіне.

Тастай мықты дұшпанның шебін алған,
Батыр болмас, ел білер, тегін адам.
Мақтауға да лайық, мақтануға,
Ахметжанов Теміртас – менің атам.

Кейін атам қайтыс боп, өңір дағы,
Қайғырғанмен өшпейтін оты қалды.
Құлындарын жанына жиып алып,
Ақ әжеміз еске алып отырады.
                                           Жадыра АХМЕТЖАНОВА,
    немересі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар