Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сахнада – Хиуаз Доспанованың бейнесі - АРҚА АЖАРЫ

Сахнада – Хиуаз Доспанованың бейнесі

Ақмола облыстық орыс драма театрының әртістері Ұлы Отан соғысы жылдары ерлігімен көзге түскен ұшқыш қыздар жайлы «Түнгі аспандағы мыстандар» әскери спектаклін тұңғыш рет көрермен назарына ұсынды.

Спектакльдің қоюшы режиссеры, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Ольга Луциваның айтуынша, мұндағы басты мақсат ұшқыш қыздардың ерліктері арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру болып табылады. Жалпы, спектакль авиаполк құрамында болған бойжеткендердің майдан шебіне алғаш келген сәтінен бастау алып, онан әрі жеңіс үшін күрес жолындағы өшпес ерліктері баяндалады. Баласынан айырылған жас ананың мұңы, ғашығымен қосылуды армандаған арулар мен қыршыннан қиылған өрімдей қыздардың тағдыры бәрі-бәрі көз алдыңа келеді. Авиаполктің жауынгерлері неміс әскерін түні бойы дамыл бермей бомбалағаннан кейін фашистер біздің ұшқыш қыздарды «Түнгі аспандағы мыстандар» дейді екен. Спектакльдің атауы да содан шыққан. «Ұлы Отан соғысында аталмыш полктің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан қазақтың батыр қызы, Халық Қаһарманы  Хиуаз Доспанованың да бейнесін сахна төрінен көре алдық. Батыр қыздың рөлін облыстық орыс драма театрының  талантты әртісі Оксана Науменко сомдады.  
Айта кетейік, Хиуаз Доспанова небары жиырмадан жаңа асқан шағында 588-інші түнгі бомбалаушы авиаполкіне штурман-атқыш болып тағайындалып, Солтүстік Кавказ, Украина, Белоруссия жерлері мен Оңтүстік майданда өзіне жүктелген әскери міндетті абыроймен атқарып шыққан. Қазақ қызының қайтпас қайсарлығымен қатар, полкта қызмет атқарған басқа да жауынгерлердің ерліктері спектакльден орын алды.
Бұл күні Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың ұлы Ерболат Әміров те әскери драманы көпшілік қауыммен бірге тамашалады. Ол мұнда анасы жайлы спектакль көрсетіледі дегенді естіп, Алматыдан   арнайы келген екен.
– Соғыста болған қыз-келіншектердің ерлігін ескеріп, олардың бейнесін сахнада сомдаған театр ұжымына ризашылығымды білдіргім келеді. Анамыз бізге өзінің өткен өмірі, соғыс салған жара туралы көп айта бермейтін. Тек, бейбіт заманның қадірін біліңдер дейтін ылғи да. Сондықтан да, Отан үшін  от кешкен жауынгерлерге шынайы алғысымды білдіремін, – деді майдангердің ұлы бізбен әңгімесінде. Спектакль соңында алматылық қонаққа қазақтың салты бойынша шапан жабылса, ал, театр ұжымына облыс әкімінің атынан гүл шоқтары табыс етілді.     
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар