Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тегін медициналық қызмет жүйесін енгізуге дайындық жалғасуда - АРҚА АЖАРЫ

Тегін медициналық қызмет жүйесін енгізуге дайындық жалғасуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистерге Қазақстанда кепілдендірілген тегін медициналық көмек және медициналық сақтандыру пакеттерінің жаңа нұсқасы бекітілгені жайлы ақпарат берілді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының директоры Нұрлан Сәлімұлының айтуынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімін бекітті. Тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) деп аталатын бұл қызметтер келер жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті минималды стандарттардан тұрады. Мәселен, оған шұғыл көмекке зәру азаматтарға медициналық көмек көрсету, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеу, мемлекеттің араласуын қажет ететін қиын жағдайға душар болған науқастарға көмек көрсету және тағы басқа қызметтер кіреді. Соның ішінде, жедел жәрдем мен санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек те бар. Спикер өз сөзінде, медициналық көмек пакетінің жаңа нұсқасын дайындау барысында тізімге енген барлық қызмет түрлері жан-жақты сарапталғанын айтып өтті.
–Пакеттердің жаңа үлгісін дайындау барысында еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бір жарым жыл бойы мидицина саласының мамандарымен бірлесіп жұмыс істеді. Қызметтерді сатып алу, ақы төлеу, мониторинг процесін жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді филиал директоры Нұрлан Сәлімұлы.
Жалпы алғанда, келер жылға арналған бюджет жобасында кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен медициналық сақтандыру пакеттері негізінде көрсетілетін медициналық көмекке 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Брифингте биылғы жылдың 1 маусымынан бастап медицина қызметкерлерінің еңбекақылары өскені, тіпті медициналық әлеуметтік сақтандандыру жүйесіне енбеген күннің өзінде ешкім медициналық көмексіз қалмайтыны атап өтілді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар