Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнердің қырқасындағы қырық жыл - АРҚА АЖАРЫ

Өнердің қырқасындағы қырық жыл

 

«Көкшетау» мәдениет сара-йында «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты шығармашылық кеші болып өтті.

 

Өнер ұжымының 40 жылдық мерейтойына жиналған халықта есеп жоқ. Осыдан-ақ өнерсүйгіш қауымның шынайы ықыласын аңғаруға болады. Ал, қырық жыл бойы үлкенді-кішілі сахналарда абыройлы өнер көрсетіп, атақ-даңқы аспандап, ел атын шығарып, оның кең өрісті, көркем келісті өнерін паш етіп келе жатқан «Көкшетау» халықтық би ансамблі қандай құрметке болсын әбден лайықты. Көз алдыңа көне дәуірдің ғажайып суретін, тамылжыған табиғаттың тылсым бейнесін, тұтастай он сегіз мың ғаламды би тіліне көшіріп келе жатқан ансамбльдің бүгінгі шығармашылық кеші қырық жылдық еңбегінің бір түйінделген есебі іспетті еді. Алдымен көрермендердің назарына ансамбльдің шежіресін сипаттайтын бейнесюжет ұсынылды. Содан соң бірінен-бірі асқан, бірінен-бірі әдемі, бірінен-бірі сұлу әр алуан тақырыптағы билер орындалды.
«Жүректің қылы», «Жайлауда», «Пианист», «Баһадүр бабалар», «Ақ босаға», «Ару сымбаты», «Құрбылар», «Жарысу», «Қазақ оюлары» тақырыбындағы билер ансамбльдің мүмкіндігі мен шеберлігін айқын көрсететін шығармалар екен. Би ұжымдық өнер. Ұжымдық өнерді жеке бишілер құрайды. Олардың арасынан Милана Сатыбалды, Дариға Орынбай, Мәдина Досмағамбетова, Аида Жаралғасова, Медина Бекенова, Мақпал Құсайын, Айғаным Тұраш, Әсел Төкежанова, Алуа Шәкірова, Саян Өмірәлина, Тұмар Қабденова мен  «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясының квартеті және «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық  ансамблі, халықаралық фестивальдердің                                                                                                 лауреаты Бота Қалиева, Махаббат Мұхамеджановалар тамаша өнер көрсетті.
Тағы бір айта кетерлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Көкшетау» халықтық би ансамблінің жетекшісі Мәдина Тілеулинаның еңбегі зор екендігін айтқанымыз жөн. «Гүлдене бер, Қазақстан» биімен шығармашылық кешті қорытындылаған «Көкшетау» халықтық би ансамблінің өнері көпшілікті тамсандырған, өнерге ғашық жүректерге қуаныштан ән салдырған сәт болды.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар