Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмоладан шыққан белді тұлға - АРҚА АЖАРЫ

Ақмоладан шыққан белді тұлға

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысып, сөз сөйлеуімен Көкшетау қаласында бұрынғы ҚазССР Бас прокуроры,

жерлесіміз Ғалым Елемесовтың туғанына 90 жыл толуына арналған еске алу шарасы болып өтті.

Ғалым Бәжімұлы 1929 жылы Ақмола қаласында дүниеге келген. Заң институтын бітірген соң өзінің еңбек жолын 1951 жылы Көкшетау қаласының прокуратурасында бастап, бірқатар жауапты лауазымды қызметтерді атқарған. Көкшетау және Семей өңірлерінде облыс прокурорының орынбасары болды. 1975 жылы КСРО Жоғарғы Сотының мүшесі болып сайланып, кейін Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Қазақ КСР-інің Бас Прокуроры болып жүрген кезінде де өзіне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқара білді. Соған орай, ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Ғалым Елемесовтың облыстық прокуратура ғимаратының алдындағы ескерткіш мүсініне гүл шоқтарын қою рәсімімен ашылған шараға жиналғандар жерлесімізді бір минут үнсіздікпен еске алды. Содан кейін бар өмірін құқық қорғау саласына арнаған абзал азамат, оның өмірі мен еңбек жолы жайлы жылы лебіздерге құлақ түрді.
Жиында осы шарада арнайы келген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов сөз алып, Ғалым Елемесовтың еліміздің прокуратура жүйесінің дамуына қосқан үлесі жайлы кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтың осы оқиғаға байланысты жолдаған хатын оқып берді.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бар саналы ғұмыры адал еңбекпен өріліп, елінің игілігі үшін аянбай тер төккен жандар қашанда жастарға өнеге екенін айта келе, бүгінгі таңда Көкшетау қаласында Ғалым Елемесов атындағы көше мен облыстық прокуратура ғимаратында мұражайы барын, сонымен бірге, ескерткіш мүсінінің орнатылғанын тілге тиек етті. Шара соңында асыл азаматтың туған-туысқандары, замандастары мен әріптестері естелік суретке түсіп, облыстық прокуратурадағы мұражайын тамашалап көрді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар