Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы: 29 992 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы: 29 992 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Халықты толғандырған өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдануда. Азаматтардың табыс деңгейін арттыру – басты мақсатымыз. Дегенмен, тоқмейілсіп отыруға болмайды. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр, – деп атап көрсетті.

Кеңейтілген отырыста Үкіметтің алдына қойылған алтыншы міндет – «Өмір сапасын жақсарту». Бұл ретте, Ел Президенті: – «Халқымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін басты міндеттерімді жарияладым. Биылғы жылы халықтың, оның ішінде әлеуметтік осал топтардың табысын арттыру бо-йынша нақты қадамдар жасалды. Сіздер білесіздер, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап, бюджеттік қызметшілердің жалақысы 30 пайызға дейін көтерілді. Ал, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі өзгертілді. Бұл орта есеппен көмек көлемін ұлғайтуға және АӘК алушыларының шеңберін 3 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны шамамен 1,5 миллион адам немесе 291 мың отбасы болды», – деп атап көрсетті.
Міне, осы бағытта жыл басынан бері біздің облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Айталық, 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жаңа форматта тұрмысы төмен 29 992 отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 1374 миллион теңге төленді. Оған қоса, 1089 отбасыларға тұрғын үйге көмек алу үшін жалпы сомасы 32,7 миллион теңгеге төленді. Ал, өткен жылдың маусымдағы мәліметіне сәйкес, 1607 отбасыға 33,6 миллион теңге сомасында қаражат бөлінді. Сондай-ақ, 2756 адамға 20,3 миллион теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетілді. Ал, 2018 жылғы маусымда 4,3 миллион теңге сомасында 556 адамға қайырымдылық шаралары жасалған болатын. Жоғарыдағы цифрдан бұл қайырымдылық көмектің неше есе өскенін аңғаруға болады. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта әлі де жалғасын табатын болады.

Алтын АҚБАРОВА,
Ақмола облыстық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар