Ақылы жолдар ұзара түседі

Қазақстанда ақысын төлеп жүретін жолдар алдағы уақытта тағы да 11 мың километрге ұзарады. Бұл жайында «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы ақылы жолдар дирекциясы филиалының директоры Асхат Оқасов хабарлады. Ол алдағы екі-үш жылда Қазақстан бойынша ақылы жолдар аумағының тағы да 32 бағытта болатындығын, алайда, бұл жолдарда шлагбаумдар болмайтындығын, жүргізушілер жол ақысын алдын ала электронды жолмен төлейтіндігін айтты.

Еліміз бойынша қазіргі уақытта ақылы жолдар Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас кеден бекеті бағыттары бойынша жұмыс істеп тұр. Осыдан бір ай бұрын ақы төлеудің сараланған тарифі енгізілген-ді. Ендігі арада егер жүргізуші жол ақысын қолма-қол төлесе онда ол екі есе артық төлейді. Сол үшін алдын ала электронды төлем жүйесі енгізіліп отыр. Қазір электрондық төлемнің 20 түрі ұсынылған. Жүргізушілер ақшаны интернет-банкинг арқылы немесе телефон балансы арқылы, болмаса, басқа да интернет-әмияндағы қаражатпен төлей алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар