Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азық-түліктің бағасы ойландырады - АРҚА АЖАРЫ

Азық-түліктің бағасы ойландырады

Жуырда редакцияға Алма Садықова есімді Көкшетау қаласының тұрғыны хабарласып, облыс орталығындағы дүкендерде азық-түліктің қымбаттап кеткені жайлы айтып, бізден азық-түлік бағасын қадағалайтын мекемеден осының мән-жайын біліп беруімізді өтінген еді.

– Ұзақ жылдардан бері облыс орталығы Көкшетау қаласында тұрып келемін. Мені толғандырып отырған бір мәселе – азық-түлік бағасының жылдан-жылға қымбаттап бара жатқаны. Бұл бір жағынан мемлекеттік қызметте, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақыларының, зейнеткерлердің ай сайын алатын зейнетақыларының өсуімен де байланысты шығар, бірақ жалақылары өспеген, тіпті ешқандай табыс көзі жоқ жандарға қайтпек керек?
Сөзім дәлелді болуы үшін Ақмола облыстық статистика департаментінің сайтынан алған мәліметтерді де келтіріп өтейін. Бағаларды салыстыру мақсатында былтырғы жылдың маусым айынан қазіргі кезге дейінгі кезеңді әдейі қараған едім. Осы аралық ішінде бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы біршама өскені байқалады. Мәселен, тегістелген күріштің, кеспенің, ұнтақ жармасы, арпа жармасы, 3,2 пайыздық пастерленген сүт, нан басқа да азық-түлік тауарлары қымбаттаған. Жылқы етінің бір келісі 2 мың теңгеге барып отыр.
Көптеген азық-түлік дүкендері жалақы өседі дегенді естігенде бағаны бір қосса, жалақы өскенде қосылған бағаның үстіне тағы екінші рет үстеме қосатынын көзіміз көріп жүр. Жарайды, киім-кешек, техниканың қымбаттап жатқанына еш нәрсе айтпай-ақ қояйық. Себебі, олардың барлығы шетелден әкелінгендіктен, сәйкесінше баға да сол жақтағы бағаға сәйкес реттеледі. Ал, өзімізде өндірілетін азық-түліктің бағасын кім қадағалайды? – деп, телефон желісі арқылы уәжін айтқан қала тұрғыны Алма Садықованың қоңырауынан кейін бірден осы мәселемен айналысатын Көкшетау қалалық кәсіпкерлік бөліміне хабарласқан едік.
Бөлім басшысы Андрей Подгурскийдің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру ұдайы мемлекеттік мекеменің назарында ұсталады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы Қаулысына сәйкес, бірінші қажеттіліктегі тауарларға бірінші сұрыпты ұннан жасалынған нан, май, сиыр еті, сүт, ірімшік, қырыққабат, қант, тұз, қарақұмық жармасы секілді барлығы 19 азық-түлік түрі кіреді екен.
–Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тізбесіне кіретін өнімдердің бағасын тұрақтандырып отыру мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Қаламызда өткізілетін ауыл шаруашылық жәрмеңкелері де соның бір көрінісі. Өкінішке орай, біздегі азық-түліктің 60 пайызы сырттан әкелінетіндіктен, олардың бағасын реттеу қиын. Бізде бірінші қажеттіліктегі тауарлардың ішінде нан мен сүттен басқа ештеңе өндірілмейді. Жеміс-жидек, көкөністердің бағасы қыстыгүні, тіптен қол жетімсіз. Тек, жазда ғана бірсыпыра төмендейді. Бір кездері тауықтың жұмыртқасы да қымбаттап кеткен болатын. Қазіргі таңда бағасы біршама тұрақтанды, – деп жауап берді Көкшетау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Андрей Подгурский.

P.S. Түсінгеніміз, мемлекеттік мекемелер тек Үкімет Қаулысында көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ғана бағасын тұрақтандырып отыра алады. Оның өзінде тауар бағасы белгілі бір факторларға байланыс-ты жыл сайын өсіп отырады екен. Редакцияға хабарласып, уәжін айтқан оқырманымыздың сөзінің жаны бар. Жалақы бәріне бірдей қосылмайды. Сол себепті, азық-түлік тауарларын сататын дүкен иелері аз да болса қарапайым халықтың жағдайымен санасып отырса игі еді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар