Монтажшы мерейі

Самат Ноғаевтың құрылысшы болғанына да төрт жылдың жүзі болды. Бұған дейін ауылда тұрып, малшы, механизатор, күзетшілік жұмыс атқарды.

Дегенмен, тапқан табысы үш бала тәрбиелеп отырған жас отбасының қажеттілігіне жетпеді. Оның үстіне үлкені жоғары оқу орнына түскісі келетін. Сөйтіп, зайыбы Толқын екеуі қалаға қоныс аударды, пәтер жалдап тұрды. Самат «Регион-Строй» құрылыс фирмасына монтажшы болып орналасты. Толқын жұмысты көп іздеді, соңында Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжіне еден сыпырушы болып қабылданды. Осы фирманың құрылыс панельдерін шығаратын зауытта тәжірибе жинақтаған Саматты кәсіпорын басшылығы панельдерден көп қабатты үйдің қабырғасын құрастыратын жұмысқа ауыстырды. Бүгінгі таңда Самат тәжірибелі монтажшы. Облыстың әртүрлі құрылыс нысандарында жұмыс істейді. Қазір «Регион-Строй» ҚК» серіктестігі Бұланды ауданының орталығы – Макинск қаласында бес қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Биылғы жылы құрылысшылар нысанды уақытында тапсырып, болашақ тұрғындарды қуантпақшы.

Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар